Астанаға 10 миллион теңгеге қойылған жылы аялдамаларды Ресей шенділері 3200 долларға орнатқан. Ресейдің Краснояр қаласында жылыту маусымы қарсаңында жылы аялмадамалар орнатыла бастады деп жазады Kursiv.kz.
Свердлов ауданы әкімшілігігі жетекшісі Игорь Титенков : «Бір-екі дана жылы аялдама халыққа таныстыру мақсатында қойылған. Егер жаңа аялдамалар тұрғындарға жайлы болып, ұнап жатса, қаланың барлық аялдамасы біркелкі архитектурада жасалған дүңгіршекке ауыстырылады» деп отыр.
Аудан басшысының сөзінше, жылы аялдаманың бір данасының құны 200 мың рубль, яғни 3200 АҚШ долларынан сәл асады. Ал осыдан бірер апта бұрын Астанада да жылы аялдамаларды қала билігі 10 миллион теңгеге сатып алған болатын. Оны АҚШ валютасымен есептегенде 36 000 доллардан асып кетеді.
Еске сала кетсек, бұған дейін NUR.KZ Астанада құны 10 млн теңге тұратын “жылы аялдамалар” орнатылғанын хабарлаған еді.
NUR.KZ