АЛТЫНОРДА
Новости

Астананың 15 жылдық тойында этноауыл бой көтереді

уАСТАНА. 27 мамыр. Baq.kz — Астананың 15 жылдығын мерекелеу күндері елордалықтар қайтадан көшпелі мәдениетпен қауышады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Астананың 15 жылдығын мерекелеу күндері сол жағалауда тағы да кезекті рет үлкен этноауыл бой көтереді.    5,6,7 шілдеде «Хан Шатыр» СОО-да көшпелі өркениеттің «Астана төңірегіндегі мыңжылдық» фестивалі өтеді.
Бұл — әлемдегі көшпелі өркениетке арналған жалғыз фестиваль.
«Астананың төңірегіндегі мыңжылдық» фестивалі көшпелі қазақ халқының тарихи рухынан сыр шертеді. Жыл сайын аталған фестиваль елорда тұрғындары мен қонақтары тарапынан орасан зор мәнге ие болып келеді. Әр жылдары фестиваль аясында: Стивен Сигал, Арманд Ассанте, Майкл Мэдсен, Николай Валуев және Евгений Стычкин сынды әлемдік жұлдыздар өнер көрсетті.
Биылғы жылы да астаналықтарға көшпенді болуға мүмкіндік туды. Сол жағалауда үлкен этноауыл тұрғызылады. Онда киіз үйлер мен шығыс базары, зергерлердің әшекей бұйымдары, сахна алаңдары мен  атты әскер шоуы өтеді.
Бұл жерде дәмі тіл үйіретін бауырсақтан ауыз тиіп, қымыз, шұбат сынды қазақтың ұлттық сусындарынан  дәм татуға болады.
Түркі халықтарының баға жетпес асыл қазынасы- астаналықтар мен қала қонақтарына, сондай-ақ, Астана қаласының 15 жылдық мерейтойына керемет тарту болмақ.
Қ.Жұмағалиұлы

http://www.baq.kz/kk/news/29164