АЛТЫНОРДА
Новости

Ата-аналар арасындағы жас алшақтығы неге әсер етеді?

Астана. 30 қаңтар. Baq.kz – Ата-аналар арасындағы үлкен жас алшақтығы дені сау баланы дүниеге әкелу мүмкіндігін төмендете ме? Осы сұрақ көптеген ер адамдар мен әйелдерді мазалайды. Оның жауабы оңай: жас алшақтығы бұл жағдайда маңызды рөл атқармайды. Бұл туралы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы сайтында жарияланған.

1. Ер адамның жасы. Әйелдің жасына қарағанда оның маңыздылығы аз. Жас өте ерлерде, әйелдердікі сияқты жыныс гормондары синтезінің (олардың ішінде бастысы ер жыныс гормоны тестестерон) біртіндеп төмендеу табиғи процесі басталады. Орташа статистика бойынша «Ер адам климаксінің» басталуы 45 және 60 жас арасындағы аралыққа келеді. Репродуктивті қабілеттің төмендеуі оның бірден және толық сөнуін білдірмейді. Тестостерон синтезі төмендеуінің табиғи ритмі жылына 1% құрайды. 80 жасқа келгенде тестостеронның бөлінуі нормаға қарағанда орташа 20-50% кемиді. «Жасы келген» ер адамның әке болу мүмкіндігі жас ұлғайған сайын төмендегенмен, медицинамен қандай да бір патологиямен баланың туу ықтималдығына әсер ететіні дәлелденбеген. Ондай ықтималдықтың болуы мүмкін (одан ешкім сақтандырылмаған), бірақ ол ер адамның жасына байланысты емес.

2. Әйелдің жасы. Медициниалық көзқарас бойынша, әйелдің оптималды репродуктивті жасы – 20-35 жас. 20 жасқа дейін әйел ағзасы («орташа статистикалық» әйелде) толық қалыптасты деп есептеуге болмайды, ағза көбінесе жүктілікке байланысты ауқымды гормоналды және физиологиялық өзгерістерді көтеруге дайын болмайды. 35 жастан асқан әйелдерді ұлғайған репродуктивті жастағы әйелдер деп атаған жөн. Шамамен осы жаста (кімде ерте, кімде кеш) табиғи әйелдік репродуктивті қызметі төмендей бастайды. Бірақ мәселе тек жүкті болу қабілетінің төмендеуінде ғана емес. Өкінішке орай, 35-40 жастан кейін әйелдерде генетикалық патологиясы (ең көп таралғаны және танымалы – Даун синдромы) бар балаға жүкті болу қаупі арта түседі. Бұл құбылыс механизмі әлі толық анық емес. Бірақ, қазіргі перинаталды диагностика тәсілдеріне және жүктілікті жүргізу саласындағы медицинаның жаңа жетістіктеріне байланысты, дені сау балаларды көтеріп, туатын әйелдердің жас шегі ұлғаюда.

3. Ата-аналар арасындағы жас алшақтығы неге әсер етеді? Бұл жерде ғылыммен дәлелденген деректерден болжаулар мен теорияға ауысамыз. Мысалы, жас алшақтығы үлкен жұптарда данышпан болмаса да, өте ақылды және шығармашыл балалар туады деген пікір бар. Бұл фактіні медицина дәлелдей де, жоққа да шығара алмайды, біріншіден, ешкімде ақылдылық, шығармашылық, данышпандықтың нақты ғылыми критерийлерін анықтаған емес. Екіншіден, баланың интеллектуалды потенциал дәрежесінің қайсысын туа біткеніне, қайсысын – тәрбиелеу өніміне (жас алшақтығы мосқал жасқа, яғни жұбайлардың бірінде өмірлік тәжірибе жүгінің болуына меңзейді) жататыны белгісіз. Ата-аналар арасындағы жас алшақтығы бірінші баланың жынысына да әсер етеді деген теория бар. Арнайы зерттеу жүргізген британиялық медиктерге сенсек, тұңғышы ұл болуды қалайтын есейген ер адамдарға жастау серік таңдау қажет. Қызды болуды армандайтын ұлғайған бала туу жасындағы баласы жоқ әйелдер өз баласына әкені жастау серік іздеулері қажет. Бірақ осындай тәуелділікті растайтын жүйелі зерттеу әлемнің еш жерінде жүргізілген жоқ.

4. Жүктілік және босану кезінде әйел ағзасының барлық өмірлік маңызды органдарына үлкен жүк түседі. Жүктілік кезінде жүрек, бүйрек, бауыр жұмысы екі еселенген энергиямен жұмыс істейді. Жүйке, иммунды, эндокринді жүйелерге үлкен қысым түседі. Өзіндік ағза қажеттіліктерін қамтамасыз ету екінші орынға ауысады, басты орынға «ана – жолдас-бала» жаңа кешені басты орынға шығады. Ол үшін қорлар қажет. Ағза жеткілікті төзімділікке ие болса да, оның жалпы денсаулығы бар, репродуктивті органдар саулығын қоса алғанда, жүктілік бәрі бірдей – ағзаға қосымша (және өте маңызды) жүктеме.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша босанғаннан кейін бір жылдан кейін ғана толықтай қалпына келеді, қайта бала көтеру тек алдынғы жүктіліктен соң 2 жыл уақыт өткеннен кейін ұсынады. Бала тууды жоспарлауға жалпы тексеру, ағзаның жүктемеге әзірлігін және қоршаған ортаның оңтайлы жағдайын қамтамасыз ету мүмкіндіктерін анықтау кіру қажет. Сонымен бірге сіздің тұрмысыңыз, тамақтануыңыз, әдеттеріңіз, жұмысыңыз бір идеяға – дені сау бала тууға тәуелді болуы қажет.

5. Болашақ әкенің денсаулығы болашақ ананың денсаулығы сияқты өте маңызды. Біз егер серіктесі оңай жүкті болса, ер адамның репродуктивті денсаулығы туралы, көбінесе, ойланбаймыз. Бірақ шәует кез-келген микроағзалар, соның ішінде вирустар үшін тамаша қоректендіргіш бола отырып, өзінің ұрықтандыру қабілетін сақтай алатындығын ұмытуға болмайды. Созылмалы простатиттер, мысалы, көп жағдайда анықталмай қалады, себебі ер адам уретрасының (несеп шығару жолдары) құрылымы сондай, жұғудың клиникалық белгілері көпке дейін байқалмауы мүмкін. Жыныстық жетілу кезеңінде жасөспірімдермен өткерген аурулар қатары қалыптасып келе жатқан репродуктивті денсаулыққа теріс әсер етеді. Сонымен бірге, жалпы және репродуктивті денсаулық 70-75% экологиялық жағдаймен, өмір салтымен, әлеуметтік және экономикалық жағдаймен анықталады, тек 25-30% ағзаның тұқым қуалаушылық ерекшеліктері де жататын, медициналық факторлерге келеді..

Осылайша, Сіздің болашақ балаңыздың денсаулығы сіздің қолыңызда!

http://baq.kz/kk/news/42881