АЛТЫНОРДА
Новости

Ата-анамызды ана тiлiмiзде атауға болатын шығар

Ұзақ жылдарға созыл­ған отаршылдық езгi халқымыздың тағдыр-талайына өз таңбасын қалдырып, ұлттық құндылықтарымыздың тамырына балта шапты. Тiптi дүниедегi ең асыл, ең абзал, ең аяулы, ең қымбатты, ең ардақты жандарымызды бөгде елдiң тiлiмен атайтын болдық. Анамызды “мама”, әкемiздi “папа” деп айтпасақ, тап бiр өркениеттен қалып қоятындай сезiнемiз. Бәзбiр жастарымыз шешесi мен әкесiн “махан”, “пахан” немесе “маханья”, “паханья” деп “әспеттейдi”. Бұған баланың тiлi де, ата-ананың құлағы да үйренгелi қаш-шан. Оны айтасыз-ау, баланың тiлi ендi шығып келе жатқанда ата-ананың өзi осылай айтуды үйретедi емес пе. Демек, бұл – құлдық санада пайда болған синдром. Құлдық санада қалыптасып, орнығып, тiлiмiзге дендеп енiп алған дерт.

Ендеше, дүниедегi ең асыл, ең абзал, ең аяулы, ең қымбатты, ең ардақты жандарымызды ана тiлiмiзде атауға неге болмасын! Анамызды “Ана”, “Анашым”, “Анатай”, “Анажан”, “Апа”, “Шеше” деп, ал әкемiздi “Әке”, “Әкешiм”, “Әкетай”,   “Көке” деп.
Құрметтi ата-аналар! Өз балаларыңыздан өздерiңiздi ана тiлiнде атауды талап етiңiздер! Құрметтi балалар! Сендер ата-аналарыңды ана тiлiнде атаңдар! “Ата”, “әже”, “апа”, “көке”, “әкетай”, “тәте”, “жеңеше” деген сөздерде қандай құдiрет барын сезiнiңдер! Ата-аналарыңды құрметтеңдер!
Тағайбек Ерiмбетов,
Қызылжар орта мектебiнiң мұғалiмi,
Жаңаарқа ауданы,
Қарағанды облысы.

http://zhasalash.kz