АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Аты аңызға айналған «Жамбыл» атты эпикалық дастан «Қазақстан» арнасында

IMG_4452Ұлы ақынның 170-жылдық мерейтойына қарсы «Қазақстан» телеарнасы 4-сериялы аты аңызға айналған ақынның өмірі жайлы тарихи драма әзірледі Фильм «Қазақстан» арнасында 28 ақпанда, яғни ақынның туған күнінде көрермендер назарына ұсынылады.

         Ұлы ақын өзінен кейін бай мұра қалдырып, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне үлкен үлесін қосты. Фильмде Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы мен өмірлік жолы толықтай көрсетілген.

Фильмнің шығармашылық тобы басты рөлді сомдауға көптеген танымал актерлердің ішінен көп уақыт бойы жете іріктеу жүргізді. Нәтижесінде Жамбыл рөлі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, актер, әнші, композитор, драматург – Байғали Есеналиевке бұйырды.

Байғали Есеналиевтің айтуынша, ұлы тұлғаның бейнесін экранда сомдау оңай емес, себебі түсірілім кезінде салмақ бас кейіпкерге түседі.

IMG_3256«Мені ұлы ақының рөлін сомдауға шақырғанда, бір мезет ойланбай келісімімді бердім. Кастингке келсем, басты рөлге үміткер ретінде Жамбылдың образын жамылған көптеген танымал актерлердің фотолары ілініп тұр. Олардан озып жүлде алу қайда!?- деп ойланып қалдым. Десем де барған соң бағымды сынап көруге бел будым. Сол күні сәтті күн болғай, өтіп кеттім. Режиссер сытқы ұсқыныма қарап біраз салмақ тастау керек деді» — деп еске алады Байғали Есеналиев.

Жамбыл Жабаев көп қырлы ұлы тұлға. Оның ақындығын былай қойғанда, жыр алыбы айрықша суырып салма шешендігімен танымал. Жамбылдың поэзиясы әрдайым қарапайым халықпен байланысты болған.

Телесериалдың негізгі көріністері табиғаты әсем Алматы облысының «Үшқоңыр» баурайында, Жамбыл облысы мен Мәскеуде түсірілді.

Экранда тек қана тарихи кейіпкердің өмірбаяны емес, сонымен қоса ХХ ғасырдың ортасындағы еліміздің сол дәуірдегі көрінісі көрсетілген.

Сонымен қоса, фильмде бұған дейін көп айтыла қоймаған ұлы тұлғаның өмірінен алынған қызықты деректер көрсетілетін болады. Соның бірі – Жамбыл мен Бұрымның бір біріне деген махаббаты жайлы болмақ.

IMG_3128Түсірілім тобы декорацияларға, актерлердің костюмы мен обрздарына жете көңіл бөліп, әзірлеген. Сол арқылы Жамбыл өмір сүрген дәуірдің  толықтай көрінісін көрсете алды.

Фильмнің режиссері «Лавэ», «Жеңіс семсері», «Қазына» және тағы басқа кинотуындылардың барлығына танымал– Әнуар Райбаев болып табылады.

Көркем туындының режиссері Ануар Райбаев: «Біз түсіріп жатқан «Жамбыл» атты көркем фильм 4 бөлімнен тұрады. Қазақ сөз өнерінің «импровизация» үрдісін жаңа арнаға бұрып, жаңаша мазмұн дарытқан Жамбыл атамыз, қарапайым қара сөздің майын тамызып, талай айтыста жеңіске жеткен, ел алдында беделді еді. Жұдырықтай жүрегіне Жетісу мен Алатауды былай қойғанда, бүкіл әлемді сыйдыра білген, дана ақынның елге қалдырған аталық, даналық сөздерін, ел бүгінде аузынан тастамайды. Жүрген жерінде, «мың өліп-мың тірілген» барша қазаққа батасын бере жүрген Жамбылдың сол батасы бүгінгі күні де жерде қалмай, арманы мен ой өрісі көкке өрлегеніне қазіргі «ұрпақ» біз куә! Біздің мақсат Жамбыл атамыздың «адами» тұлғасы мен қадір-қасиетін басқа қырынан көрсетіп, абыройын көкке өрлету».

Картинада сонымен қатар Айгүл Үлкенбаева (Дина Нұрпейісова), Ілияс Тұрманов (Лаврентий Берия), Әйгерім Сәменова (Күләш Бәйсейітова), Жоламан Әміров (Жабай), Ергенбай Әбуев (Сүйінбай), Нұрбек Мұқыш (Кенен Әзірбаев), Боранбай Молдахметов (Мұхтар Әуезов), Қанат Жүнісов (Сәкен Сейфулин), Кентай Ақүрпеков (Темірбек Жүргенов), Бақыт Беделхан (Бауыржан Момышұлы) және тағы да басқа белгілі актерлер ойнайды.

Аты аңызға айналған «Жамбыл» атты эпикалық дастанды 28 ақпанда  «Қазақстан» арнасында тамашалаңыздар!

 «РТРК «Қазақстан» АҚ баспасөз-қызмет