АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Аудан тұрғыны дәрігерді сотқа берді

Әулиекөл ауданының тұрғыны жергілікті ауруханасынан 500 000 теңге көлемінде моральдық шығын өндіріп беруін талап етіп, сотқа шағымданды.Облыстық сот өкілінің мәлімдеуінше,жоғарыда аталған аудандық аурухананың дәрігері туберкулез ауруына шалдыққан науқасқа нақты диагноз қоя алмай, ұзақ уақыт бойы сусамыр ауруы деп емдеп келген. Оның үстіне сырқатқа аудандық ауруханада тиісті көңіл бөлінбей, ақ халатты абзал жандардың дөрекіліктеріне тап болған. Осылай әуре сарсаңға түскен аудан тұрғыны облыстық ауруханаға жолдама сұрап, сол жерден жан-жақты тексеруден өтуге шешім қабылдайды. Осы жылдың16 сәуірінде жәбірленуші Әулиекөл аудандық ауруханасында флюорография жасатады. Сонда оған «Оң жақ өкпесіне ыдырау және тұқым шашу фазасындағы инфильтрлі туберкулез» деген диагноз қойылады. Тоғыз ай бойы дәрігерлер қателігінің кесерінен «сусамыр» ауруына қарсы әсері өте күшті дәрі-дәрмектер қабылдап келгендіктен ауруды емдеу уақыты өтіп кеткен. Дәрігерлердің салғыртығынан ауруын асқындырып алған науқас аудандық сотқа шағымданып, 500 000 теңге көлемінде моральдық шығын өндіріп беруді талап еткен. Шағымданушының арызын қараған сот 100 000 теңге көлемінде моральдық шығын өндіріп алу туралы шешім шығарды.

Мешіт Ғазиз
Қостанай облысы

http://munara.kz/