АЛТЫНОРДА
Новости

Ауғанстанда Талибан жасағымен ұрыс жалғасты

Ауғанстан әскери басшылығы Гильменд уәлаятының оңтүстігіндегі бұрын Ұлыбритания әскерінің пайдалануында болған Шорабак әскери базасында ауған қауіпсіздік күштері мен содырлар арасындағы ұрыс жалғасып жатқанын хабарлады.

Ауған армиясының генералы Гулам Фарухтың айтуы бойынша, қарашаның 27-сі күні кешке ауыр қаруланған содырлар тобы бұрын Кэмп Бастион деп аталған әскери базаға шабуылдаған. Ұрыс кезінде алты содырдың көзі жойылған.

Талибан қозғалысы бұл шабуылды өз жасақтары жасағанын мәлімдеді.

Уәлаят орталығы Лашкар Гах қаласынан солтүстік-батысқа қарай орналасқан Кэмп Бастион базасы қазанның 26-сында ауған қауіпсіздік күштеріне тапсырылған еді. 2005 жылы британ армиясы салған база 2005-2014 жылдары Гильмендтегі халықаралық коалиция күштері үшін логистикалық орталық қызметін атқарған.

Ұлыбритания Ауғанстандағы антитеррорлық операция жылдарында бұл уәлаятта 10 мыңға дейін әскер ұстаған кезі болған.

Гильменд уәлаяты Ауғанстандағы Талибан бекінген аймақтардың бірі болып саналады.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141128/330/330.html