АЛТЫНОРДА
Новости

Ауылдарға ғаламтор келер жылы жетеді

зхжАстана. 3 маусым. Baq.kz – Алдағы жілдан бастап республикамыздың елді мекендері ғаламтор және байланыс қызметтерімен толық қамтылатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев мәлімдеді.

— 2014 жылдан бастап, Қазақстанның барлық қажетті елді мекендерін 100 пайыз ғаламтор мен байланыс қызметтерімен қамту мүмкін болады деп ойлаймын, — деді Қ. Есекеев.
Ал «Қазақтелеком»-ның нарықтағы құнын бүгінгіден де төмен бағада ұстауға ғаламторлық байланыс қондырғылары ресейлік болғандығымен тікелей астасып жатқандығымен ұғындырған басқарма басшысы, жылдың алғашқы 5 айында iDNet қызметін пайдаланушылар саны екі есеге өсіп, оған қосылған отбасылар саны 182 мыңға жеткендігін атап өтті.
Компания мәліметтері бойынша, осы жылдың 1 маусымында ҚР үй шаруашылығы мен үй шаруашылығы мен мекемелерінде тіркелген телефон желілері 4 млн. 70 мыңға жеткен. Өз кезегінде соңғы кездері кең жолақты ғаламторға қосылу саны 30 пайызға өсіп, олардың саны 1 млн. 300 мыңды құрапты.
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ
http://www.baq.kz/kk/news/29560