
Байқау жеңімпазы атанғаннан кейін журналистер алдында сөйлеген әнші «әлемде гомосексуалдар адам құқықтары үшін күресінде шыңдала түседі» деген үмітте екенін мәлімдеді.
Байқауда екінші орынды Нидерландының The Common Linnets тобы, үшінші орынды швециялық әнші Санна Нильсен иеленді.
Финалға дейін жеткен ресейлік егіз жас әншілер Анастасия және Мария Толмачевалалар да, украиналық Мария Яремчук те жүлделі орынға іліге алмады.
Eurovision ережесі бойынша, келер жылғы байқау биыл жеңімпаз болған әншінің елі — Австрияда өтеді.
http://www.azattyq.org/content/news/25380373.html