АЛТЫНОРДА
Новости

АЗАЛЫ КҮНГЕ НЕГЕ АТҮСТІ ҚАРАЙМЫЗ?

оБолат Жүнісбековтің айтуынша, қуғын-сүргін жылдары, тіпті қазақтың ұлы ақыны Абайдың ұрпағын да шарпып өтіп, «Алжир» мұражайына қатысты етіп отыр. 

Болат Жүнісбековтің айтуынша, қуғын-сүргін жылдары, тіпті қазақтың ұлы ақыны Абайдың ұрпағын да шарпып өтіп, «Алжир» мұражайына қатысты етіп отыр. «Жақында біз «Абайдың қуғын-сүргін көрген ұрпақтары» деген арнайы экспозиция аштық. Абай біздің мұра­жайға керек пе? Әрине, керек. Абайдың інісі, ғұлама ақын Шәкәрім Құдайбер­діұлынан бастап, өзінің ұлы Мекаил, жалпы, бірге туғандардан 14 адам қуғын-сүргінге түскен екен. Бұл тарих бетін көрсетуіміз керек. Сол сияқты 50-жыл­дары қуғын көрген Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Ермұқан Бекмахановтың өмірлерін неге көрсетпеске?! Біздіңше, бұл мұражайда алдымен қазақтың көрген қорлығы көрініп тұруы керек!» дейді. Өкінішке қарай, біздің ұрпақ әлі де бол­са саяси қуғын-сүргін құрбандары­ның тарих қойнауында қалған тағдырына терең үңіліп, тарихи тұрғыдан бағалап, іштей қорыта алмай жатқан сияқты. Бірақ сарапшылар бұл ұрпақтық парыз­ды орындамай, алға жылжудың қиын­дығын жеткізеді.
Тағы бір айта кетерлік жайт, бүгінде Германия Холокост құрбандарының отбасыларына 2017 жылға дейін 1 млрд доллар көлемінде өтемақы төлеуге ке­лісімін беріп отыр. Ал сталинизм құрбан­дарының бүгінгі ұрпағына Кеңес Ода­ғының мұрагері – Ресей өтемақы төлеуге дайын ба?
Айта-айта жауыр болған мәселе дер­сіз. Бірақ айтарымыз осы. Егерде бұл күні БАҚ басшылары азаматтық танытып, бүкіл ойын-сауықтық бағдарламаларды тоқ­татуға бұйырса, бүкіл мешіттерде шейіт болған­дардың рухына бір мезетте Құран оқыты­лып, дұға жасалса, ірі сауда орта­лықтары іштегі музыканы тоқтатып, ты­ныштық ор­натса, түнгі клубтар бір күнге есіктерін жап­са, бәлкім, әсіресе, жастар­-дың санасына түрмеде атылар алдында суретке түсірілген Әлихан Бөкейхановтың неге танымастай қартайып кеткені, не­ліктен Сәкен Сейфул­линнің арыстай әкесі, інісімен қоса қуда­ланып, үшеуінің аяусыз атылғаны, неге 1930 жылы өлім жазасына кесіліп, 7 жыл бойы «өлем бе, тірі қалам ба, қазақ үшін тағы не істеп үл­герем» деген оймен өмір сүруге мәжбүр болған ірі реформатор, Алаш арысы Ах­мет Байтұрсыновтың қасіретті тағдыры, қай­раткерлігі мен ішкі уайымы ұғынықты бо­лар ма еді?! Бұл – адамның ғана емес, ұлт­тың тағдыры. Сталинизмнің зардабы. Отандық сарапшылар Азалы күнді жал­пыұлттық деңгейде терең ұғыну үшін тәр­биені отбасынан бастаудан бөлек, тарих пәнін қатып қалған сынып партасында емес, «АЛЖИР» (Отан сатқындары әйел­дерінің Ақмола лагері), «Қарлаг» (Қа­ра­ғанды түзеу-еңбек лагері) мұражай-ке­шен­дерімен қатар, жалпы, Алаш арыс­­­тары­на арналған мұражайларда өткі­зу қажет деген бастама көтереді. PhD докторы, мәде­ниеттанушы Жұлдыз Сү­лейменова шетелдің тәжірибесіне сүйене отырып: «Америкада «Холокост» құрбан­дарын еске алу мұра­жайына мұғалім­дері­мен бірге ағылып келіп жатқан оқушы­лар­ды көп көресіз. Себебі оларда мұра­жай+ арқылы білім беру кон­цепциясы бар. Бізге де үлгі боларлық жайт. Жас ұрпақ қа­зақ халқының қандай қай­ғы-қасірет көрге-­нін, қандай жан түршігер­лік азап шекке­нін тек тарих кітаптарынан ғана емес, мұра­жай, мемориалды кешендерден, т.б. біліп өсуі керек. Ол үшін кешенді ша­ралар қол­ға алынып, жер-жерде, облыс орталық­та­рын­да осындай мұражайлар ашылуы тиіс» дейді. Зиялы қауым өкілдері­нің де Алаш қай­раткерлеріне арналған үлкен мемо­риалды ескерткіш орнату қажеттігін көтеріп жүргені белгілі.

– Вашингтон қаласында орналасқан United States Holocaust Memorial Museum – Холокост мемориалды мұражайы маған қатты әсер етті, – дейді Жұлдыз Сүлейменова: «Бұл мұражай холокост тарихын зерттеумен айналысатын аме­ри­калық ұлттық ұйым болумен қатар, Холокостта қайтыс болған миллиондаған адамдардың мемориалды кешені сана­лады. 1993 жылы ашылғаннан бері оны 30 миллион адам келіп көрген. Мені әсер­ге бөлегені – мұражайдағы ақпарат­тың берілу технологиясы. Кіреберісінде мұражай туралы халықаралық алты тілде толыққанды ақпарат тұр. Оның үстіне, мұражайға кіру тегін» дейді. Мәдениет­танушының айтуынша, бізге мұражайлар концепциясын өзгертіп, заман талабына сай технологияларды қолдану қажет. Өз кезегінде Жұлдыз Сүлейменова: «Мен Холокост мұражайындағы Даниель де­ген еврей баласының басынан өткендері­не арналған бөлімді көрдім. Ол 1939 жылға дейін жақсы өмір сүреді, кейін ба­сынан қиындық өтіп, аман қалады. Көр­ген-білгенін бізге баяндап тұр. Холокост­қа дейінгі бақытты балалық шағы, кейін геттоға түсуі, геттоның ережесі, ондағы қорқынышты бөлмелер шынайы көрсе­тілген. Ол жерде жай экспонаттар ғана тұрған жоқ, бәрі де дыбыспен берілген, мәселен, бақытты кезеңі, сыңғырлаған күлкісі, ал қасірет көрген тұсы жан түр­шігерлік дауыстармен безендірілген. Бұл бөлімді аралап болғанша, «жер бетінде осы халықтан артық зардап көрген ұлт жоқ шығар» деген ойға келесің. Мұражай адамның бойында сондай әсер қалды­рады» деп, ойын түйіндейді.
Расында да, біздің мұражайлар әлі де кеңестік сарқыншақтардан арыла алмай келеді. Астанадағы Сәкен Сейфуллин мұражайының директоры Несіпбек Ай­тұлы мұражайларды өзгертетін уақыт жеткендігін, бірақ мұның бәрінің қар­жы­ға барып тірелетінін алға тартады. Қо­ғам қайраткері, тіпті Сәкенді тану­дағы олқылықтарды да өкінішпен жеткі­зеді: «Жастардың көбі Сәкенді қу­ғын-сүргін құрбаны деп түсінбейді. Біздің орталыққа көбіне оның ақындығы мен қайраткерлігі үшін келеді. Бұл – күні де Сәкеннің рухына тағзым ету үшін біздің мұражайға ағылып келген адамдар көп бола қоймас. Көбі «АЛЖИР» мен «Қар­лаг» мұражайларына барады ғой» дей келе: «Бұл күні жастарды мұражайларға апарып, митингілерге қатыстырып, естеліктерді тыңдатсақ, олар бұл датаның маңызын терең сезінер еді. Бұл – қаралы күн. Жастарға дұрыс тәрбие бере білуіміз керек» дейді.
Ал Бейімбет Майлин, Тұрар Рыс­құлов, Темірбек Жүргенов сияқты ұлт саңлақтарының аяулы жарларымен қо­са, 8000-ға жуық әйел отырған кешегі «АЛЖИР» лагері, бүгінгі саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарына арналған «Алжир» мемориалды мұра­жайының директоры Болат Жүнісбеков мұндай тарихи жерлерге үлкен психоло­гиялық дайындықпен келу қажеттігін айтады:
«Біздің мұражайға келетін адам­дар­дың 99 пайызы риза көңілмен қай­тады»  деп бастайды әңгімесін мұражай дирек­торы: «Біздің жұмысымызда кем­шілік жоқ деп айта алмаймын. Мәселен, мұра­жайды жетілдіріп, тарихи тұрғыдан экс­позицияларын жаңартатын жұмыстар әлі көп. Бірақ халықтың риза болып қайтатыны тек біздің қызметкерлердің жұмысына байланысты емес, екінші жағынан, бұл келуші кісілердің психоло­гиялық тұрғыдан өткеннің қайғысы мен қасіретіне деген құрмет сезімін дайындап келетінінің арқасында. Дайындықпен келген адамдардың бұл мұражайда іштей жүректері қанжылайды» дейді.

 

Кәмшат ТАСБОЛАТ

 

http://www.aikyn.kz/news/view/23310