АЛТЫНОРДА
Новости

Ажырасудан қауіптену ағзаны әлсіретеді

Сүйіктісімен арадағы қатынастың үзілуінен үрейлену адам ағзасының қорғаныш қабілетін төмендетеді. Огайо университетінің ғалымдары махаббатпен байланысты күйзелістің адам денсаулығына кері әсер ететінін анықтады.

The Indian Express-тің хабар­лауынша, зерттеушілер 85 жұп ерлі-зайыптының қарым-қатына­сына, ұйқы сапасына, қан-сілекей үлгілеріне қатысты талдау жүргіз­ген. Адамдардағы күйзеліс гор­моны мөлшері мен қорғаныш жасушаларының саны өлшенді. Зерттеудің нәтижесінде сүйіктім тастап кетеді-ау деп қорқып жүрген адамдардың бойында кортизол гормоны деңгейінің орташа мөлшерден 11%-ға жоғары болғаны, ал ағзаны инфекциядан қорғайтын Т-жасушалардың 22%-ға азайғаны белгілі болды. Сол себепті ғалымдар мұндай күйзеліс кезінде иммунитетті жақсартуды естен шығармауға кеңес береді.

 

http://alashainasy.kz/world/40304/