[:kz]
Қайырымдылық шараларының қара шаңырағы атанған «Әзірет Сұлтан» қасиетті Рамазан айында игі істер қатарын бұрынғыдыдан арттыра түскен болатын. Мейірімділік айында мұқтаж жандарға көрсетілген көмектер көлемі өзге айларға қарағанда бірнеше есе көп болды. Бұған қоса Рамазан айы бойы мешіт мейрамханасында күн сайын 504 адамға тегін ауызашар ұйымдастырған еді. Жалпы есеп бойынша 29 күнге созылған Рамазан айында «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі ауызашар дастарханынан 14 016 жан дәм татқан.
Сондай-ақ, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен Рамазан айының соңғы онкүндігінде «Берекелі Рамазан» акциясы ұйымдастырылып, ауызашар дастарханына әр күн сайын Астана қаласындағы Қарттар үйі мен Балалар үйінің тұрғындарына, Мүгедектер қоғамының мүшелеріне, Зағип жандар мен сөйлеу қабілетінен айырылғандарға, көп балалы отбасы мүшелері шақырылып отырған болатын. Аптаның алты күніне орайластырылып жайылған ауызашар дастарханына жалпы саны 216 жан шақырылған. «Берекелі Рамазан» дастарханы жайлы сайтымыздың алдыңғы сандарында толығырақ жазған болатынбыз. Мына сілтемеден көреуге болады.
Бұған қоса, қасиетті Рамазан айына дөп келген Журналисттер күніне орай Елордалық тілшілер қауымына арнайы ауызашар дастарханы жайылған еді. Ауызашар дастарханы отандық телеарналар мен газет-журналдарда, интернет порталдарда қызмет атқарып жүрген 180 журналист шақырылды. Берекелі дастархан басында «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы «төртінші билік өкілдері» арасында дін тақырыбына қалам тербеп жүрген талантты тілшілерге ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы атынан арнайы «Алғыс хат» табыстап, жұмыстарына сәттілік тіледі. Аталмыш ауызашар дастарханы жайлы ақпаратты мына сілтемеден көруге болады.
http://www.muslim.kz/
[:]