АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Азық-түлік дүкенінде апиын сатыпты

Облыс полицейлері Көкшетау қаласындағы азық-түлік дүкенінің бірінде есірткі саудасымен емін-еркін айналысып келген екі сатушыны қылмыс үстінде құрықтады. Бұл сауда орны мектеп пен балабақшаның жанында орналасқан.

Сатушы әйелдер замананың жұлын құрты саналатын есірткі заттарын тәуліктің кез келген уақытында саудалай береді екен. Тінту барысында есірткі дүкенде ғана емес, олардың тұрғын үйлерінен де табылды. Тіпті, олардың балаларының төсегінің астына тығылған кокаин тәркіленіп отыр.

Жалпы, өз міндеттерін басқа мақсатта пайдаланып келген әйел­дерден 300 грамм қатты әсер ететін есірткі ұнтағы алынды. Тұтқын­дау барысында олар байбалам салып, денсаулықтарының нашар екендігін алға тартқанын да айта кету керек. Ал, тәркіленген әлгі 300 грамыңыз «қара базарда» 1,5 миллион теңге тұратын көрінеді.

Бақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Көкшетау.