АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

БАЛА ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

ин ФБ-дағы бүгінгі тақырыптардың бірі — балалардың бесіктен белі шықпай жатып, Интернеттің құлағында ойнауы. Бір жігіттің айтуынша, 2 жасар қызы Интернеттен ойындарды өзі көшіріп, өшіруді біледі екен. Екіге толмаған балақайлар да заманауи технологиядан құралақан емес. Мақтауға, мақтануға тұрарлық жаңалық!

Бірақ осы балаларға керек пе? Мысалы, біздің үйде IDnet қосылған, яғни, Wi-Fi тегін. Бірақ балаларға компьютер, ноутбук, планшет, телефондарда отыруға тыйым салғам. Тек 11 жастағы үлкен ұлым ғана күніне жарты сағаттан Интернетке 3 рет кіруге рұхсат. Қалған екеуіне (кішкентайлары) мүлде тыйым салынған. Өйткені, сол Интернетті, түрлі ойындарды, ақпараттық технологияны білуді балаларға ешкім міндеттемейді. Ал балалардың мобильды құрылғыларға телміріп отыруы біріншіден, көзге зиян. Екіншіден, бүкшиіп, бүкірейіп ұзақ отырудан омыртқа қисаяды. Үшіншіден, ойындар ойнап отырып бала рухани тұрғыда ләззат алмайды, керісінше, есесі кетіп бара жатқанда ренжиді, ашуланады, алаңдап, уайымдайды, яғни, психологиялық тұрғыда жағымсыз әсерден қосымша күш түседі баланың миына. Сондықтан балалардың Интернетке кіруіне, мобильды құрылғылар арқылы ойын ойнауларына шектеу керек. Бұл менің Ана ретіндегі жеке пікірім. Меніңше, алдымен орта және аға буынның жаңа медианы, ақпараттық технологияны дұрыс меңгеруіне жағдай жасауымыз керек. Мемлекеттік құзырлы органдарды айтамын. Бұл Қазақ қоғамының дамуына әлдеқайда тиімді.

Нәзия Жоямергенқызы

http://www.turkystan.kz/