АЛТЫНОРДА
Новости

Балаға Гитлер деп ат қоюға тыйым салынды

Астана. 13 ақпан. Baq.kz – Мексиканың Сонора штатында жаңа туылған сәбилерге «ерекше» есімдер қоюға тыйым салынды. Ата-анасының еркіне қарсы тұра алмайтын нәрестелер өсе келе өз атынан ұялып немесе қорлық көріп өмір сүрмеуі тиіс дейді жергілікті билік өкілдері.

Тыйым салынған тізімде 61 есім бар. Олардың қатарында Гитлер, Рембо, Бургер-Кинг, Терминатор, Джеймс Бонд, Бэтмен сынды фильм кейіпкерлері мен тағамдардың атаулары кездеседі. Билік өкілдері сондай-ақ, Сонора Суйіктісі,
Сонора Күні сынды сөз тіркестерін де адам атын қоярда қолданбауын талап етіп отыр.
Жаңа заңның басты мақсаты — сәбилердің өскен кезде өз атынан өзі ұялуына жол бермеу.
Айта кетейік, «қара тізімде» Фэйсбук, Твиттер деген адам есімдері де кездеседі.

http://baq.kz/kk/news/43479