АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

 Балалар үйіне қамқорлық


№15 гимназия – Алматы қаласындағы айтулы білім ордасының бірі. Аталған мектепте жыл сайын балалар үйі үшін «Қамқорлық» акциясы өткізіліп келеді.


Оқушылар балалар үйіне жақсы, сапалы сақталған киім­дер мен оқу құрал-жабдықтарын тарту етеді. Біздің бас­ты мақсатымыз-бүлдіршіндердің жүрегіне жылылық сыйлау. Мұн­дай шараны дәстүрге айналдырған №15 мектеп оқу­шы­лары аталған ақцияға бар ынта-жігерімен кірісіп жүр.

– Өкінішке қарай, Қазақстанда көптеген балалардың ата-аналары жоқ. Әрине, әке-шешесіз өмір сүру ауыр. Ал ата-ана бұл өмірдегі ең қымбат қазына, олар балаларын сүйеді, жақсы көреді, қателігіне қарамастан оларды аялап, әл­пештеп өсіреді емес пе? Қазір Қазақстанда бала асырап алғысы келетін ата-аналар баршылық. Бұл – әрине, жақсы дәс­­түр. Қазақ ешуақытта жетімін жылатпаған. Сондықтан біз әрқашан ата-анасыз  қалған  құрдастарымызға  көмектесуге тиіс­піз, – дейді 7 «в» сынып оқушысы Әдина Махмұтова.

Ал 7 «в» сынып оқушысы Айя Дүйсеева «мен ауруханада жат­қанда әке-шешесі тастап кеткен 2 баланы көрдім. Қандай әдемі, қандай сүйкімді сәбилер. Оларды ата-аналары қалай тастап кеткен? Әрине, балалар үйіндегі сәбилердің әр­қай­сысының ауыр тағдыры бар. Бірақ мен олардың болашағына сен­гім келеді. Балалар үйінен жақсы тәрбиеленіп шыққан олар­ды ересек өмір күтіп тұр. Мүмкін жақсы ата-аналар табылып, оларды өз баласындай асырап алатын шығар. Біз бо­ла­шақтан үміт үзбеуіміз керек», – дейді.

– Ең бастысы, өмір сүруге құлшыныс артуы қажет.  Біз үшін әлемдегі ең басты құндылық – махаббат, мейірім қайырымдылық. Олардың тезірек есейіп, оқуға түсіп, өздері қайырымды ата-ана болуын тілеймін. Барлық адамға көмек керек, әсіресе, жанында тіреуі жоқ бүлдіршіндерге, – дейді 7 «б» сынып оқушысы Ә.Бадалова.
Бұл орайда 7 «б» сыныбының оқушысы Ким Киори «Қам­қорлық» акциясы жыл сайын жалғасын таба берсе деген ойда. «Балалар үйіндегі замандастарымызға әрқашан көмек беріп, қолдауымызды жасаймыз. Қамқорлықты сезінген олар кейін табысты өмір сүреді деген ойдамын. Өздеріңе сенімді болыңдар», – дегенді айтады ол.

Ал 7 «б» сынып оқушысы Айжан Манатқызы да өз за­ман­­дастарына ешқауытта мұңаймауға кеңес береді. «Өйткені өмір –алда. Ал бүгінгі тіршілікте бәрі болады, ата-анасы тастап кеткенмен, ертең олар істеген әрекеттеріне өкініп қайта оралуы мүмкін», – дейді.
– Ең бастысы бұл өмірден сенімді жоғалтпау керек. Өйт­кені ата-ананың орнында жүрген тәрбиешілер бар, қаста­рың­да достарың көп, жалғыз емессіңдер. Біз сендерге қашан да көмекке баруға әзірміз, – дейді 7 «г» сынып оқушысы То­мирис Оразалиева.
«Қамқорлық» акциясын №15 гимназияның әлеуметтік пе­да­гогы Мейрамгүл Темірова 2006 жылдан бері тұрақты өт­кізіп келеді. Акцияға 1-11 сынып оқушылары ғана емес, со­нымен қатар ұстаздар мен ата-аналар да қатысып жүр. Бұл жо­лы олар №1 облыстық балалар үйіне 53 көйлек, 59 шалбар, 67 жылы кеудеше, 32 белдемше, 19 жылы баскиім, 50 фут­бол­ка, 18 оқу құрал-жабдықтары мен басқа да заттарды тарту етті.
Алматы қаласындағы №15 гимназияның қайырымдылық шарасы басқа да білім ордасына үлгі болса, игі.

Еркін Қалдан

Айкын