АЛТЫНОРДА
Новости

Баланың сүт тісін сақтап қойыңыз

Келешекте адамның сүт тісі қара базардағы өтімді тауардың біріне айналмақ. Ағылшын ғалымдары сүт тістер тін жасушаларының көзі деп отыр.             


The Daily Mail-дың хабарлауын­ша, дәрігерлер баланың түсіп қалған не­месе жұлдыртқан сүт тісін сақтап қою­ды ескертеді. Себебі олар келе­шек­те ағза жасушаларын емдеу үшін қа­жет болуы мүмкін. Ұлыбритания­дағы Лондон корольдық колледжінің Сто­матология институты қазірден бас­тап балаң тістерді сақтау жоба­сын қолға алды. Мұнда тісті 30 жыл­ға сақтауға берудің құны – 1385 фунт. Сүт тістерден тін жасушаларын алып, медициналық мақсатқа пай­да­лану идеясын ең алғаш америка­лық ғалым Сонгтао Ши 2003 жылы айт­қан. Ол өз ойын іске асырды да. Ға­лым­ның айтуынша, сүт тістегі жа­су­шалардың көмегімен тіс аурула­ры­мен бірге, басқа да ауруларды, со­ның ішінде Альцгеймер, паркин­сонизм сияқты жүйке ауруларын да ем­деуге болады.

 

http://alashainasy.kz/world/41752/