[:kz]
Breakthrough Prize Foundation қоры дарынды оқушыларға арналған жыл сайын өтетін екінші Breakthrough Junior Challenge конкурсының басталғаны туралы хабарлады.
Бұл байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 13 жас пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер қатыса алады. Үміткерлер математика, физика, биология немесе медицина ғылымындағы қандай да бір тұжырымдаманы немесе теорияны түсіндіретін (ұзақтығы бес минуттан аспайтын) бейнеролик түсіріп жіберуі тиіс.
Өтінішдер 2016 жылдың 10 қазанына дейін осы конкурстың сайтында қабылданады. Жұмыстар негізінен оңай түсіндірілуі мен ойдың қарапайым түрде жеткізілуіне байланысты бағаланады.
Конкурстың жеңімпазы әлемнің кез келген жоғарғы оқу орнында 250 мың АҚШ доллары көлеміндегі грантқа ие болады. Баланың мұғаліміне 50 мың АҚШ доллары бұйырса, оны оқытып жатқан мектепке 100 мың АҚШ долларына заманауи ғылыми зертхана салынып беріледі деп жоспарланып отыр.
2015 жылы конкурстың ұйымдастырушылары әлемнің 86 елінен екі мыңнан астам өтініш қабылдаған екен. Үміткерлердің ішінен Огайо штатының тұрғыны 18 жасар Райан Честер жеңіске жеткен. Ол Альберт Эйнштейннің салыстырмалылық теориясына қатысты ролик түсіріпті. 2016 жылдың қыркүйегінен бастап бұл бала Гарвард университетінің студенті атанды.
http://anabol.kz/
[:]