АСТАНА. 4 наурыз. Baq.kz — Бангладеште ресми сапармен жүрген Үндістан президенті Пранаб Мукерджиге қастандық жасалды. Ол туралы шетелдік БАҚ хабарлайды.
Шетелдік журналистердің айтуынша, жарылыс мемлекет басшысының көлігі отельдің алдында келіп тоқтаған мезгілде орын алған. Төтенше оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Әзірге жарылыс кезінде Үндістан президентінің қонақүйдің ішінде болған-болмағаны анықталған жоқ.
Мукерджи Даккаға Бангладештегі жағдай ушығып тұрған тұста келген. Нақ осы «Исламский джамаат» ислам радикалды тобы көсемдері Хусейн Саидиге өлім жазасы кесілгендіктен бірнеше көтерілістер ұйымдастырған болатын. Ол 1971 ел тәуелсіздігі бойынша күресте жаппай қырып-жою мен адам зорлау фактілері бойынша айыпталған еді.
http://baq.kz/news/24224