
Баррозудың айтуынша, ЕО елдерінің басшылары Украинада конституциялық реформалар жүргізу, ел экономикасын қолдауға қаржы бөлу, Ресей газына тәуелді Украина мен Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін нығайту жұмыстарын талқылаған.
Баррозу бұған қоса украин әскері елдің шығысында ресейшіл сепаратистерге қарсы арнайы операциялар жүргізіп жатқан тұста Киевтің «сыртқы қысымға төтеп беруіне» жәрдемдесетінін де айтты.
АҚШ президенті Барак Обама да 27 мамыр күні Петр Порошенконы президент болып сайлануымен телефон арқылы құттықтап, оның елді қайта біріктіру әрекетін Вашингтонның толық қолдайтынын білдірген.
http://www.azattyq.org/content/news/25400984.html