Қала әкімі Айбек Кәрімовтің тікелей басшылығымен Семей қаласының Бас жоспары 2011 жылы бекігенін көзі қарақты оқырман жақсы біледі. Шаһардың келбетіне, жалпы қаланың дамуына ерекше көңіл бөліп отырған қала басшысы болашақта Семей қаласын Бас жоспар аясында дамытып, көріктендіруді басшылыққа келген күннен бастап қолға алған еді. Міне, нәтиже-сінде алматылық «ГРАДО» жобалау фирмасы Бас жоспардың негізінде Ертіс өзенінің қос жағалауында жүргізілетін болашақтағы жұмыстарды тиянақтап, ҚР Қала құрылысы кеңесі мен ҚР Сәулетшілер одағының облыстық көшпелі отырысында талқылады. Көшпелі отырыс жұмысына Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов, ҚР Сәулетшілер одағының вице – президенті Глеб Трашков, ШҚО сәулет және қала құрылысы, құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ғаббас Бер-ғалиев, «ГРАДО» ЖШС –нің директоры Аркенжан Мәметов қатысты.
«1971 жылдан бері жаңартылмаған Семей қаласының Бас жоспары қайта қаралып, бекітіледі» дегенде жұртшылық елеңдесіп қалған. Себебі, жоба – жоспарсыз салынған түрлі нысандар қала көркін кетіріп тұрғандығы жасырын емес. Бұл жайында қала әкімі Айбек Мүталапхан-ұлы үнемі өзінің көзқарасын білдіріп, жоспарсыз құрылыс салудың қала басшылығына кедергісі көп екендігі жайлы айтумен келеді.
Бас жоспар — бүгін немесе, ертең біте салатын іс емес. Бағыт – бағдары ай-қындалып барып, парасат – пайыммен іске асатын ауқымды жоба. Бас жоспардың аясында бүтіндей бір қаланың болашағы, дамуы мен кескін – келбеті жат-қандығын жүйелесек, жауапты іс жүгінің ауыр екендігін анық аңғаруға болады. Сондықтан болар, жобалау фирмасының басшылығы Айбек Мүталапханұлымен Бас жоспар арқылы қаланың болашақтағы дамуын кеңесе отырып жасапты. Қаламыз көп жылдар бойы күткен осы құжатқа сәйкес, келешекте шаһар көз тартар көркемдікке ие болып, тұрғын үй кешендері мен әлеуметтік нысандар көптеп бой көтеріп, қаланың екінші тынысы ашыла түсері сөзсіз.
«ГРАДО» ЖШС – нің директоры Аркенжан Мәметов қаланың сол және оң жағалауының жоспарламалық аймағының нақты жайғастыру жобасымен таныстыра отырып, Семейдің болашақтағы келбетінің қандай болатындығын айтып берді. Оның сөзіне сүйенсек, сол жағалаудағы бүгінде ауыл аталып жүрген «Жарқын» жақын жылдарда үлкен ықшам ауданға айналады. Цементшілер кентінде де едәуір өзгерістер орын алатынға ұқсайды. Әсіресе, 14 –ші және 15-ші ықшам аудандардың айналасына көп қабатты тұрғын үй тұрғызылып, тұрғындар саны да арта түспек. Алматы мен Өскемен қалалары бағытынан қалаға кіретін тұстағы Суық бастау мен Кирпичный кенті де көз тартар көрікті аудан болмақ. «Юность» және Жаңақұрылыс (Новостройка) ықшам аудандарының да келбеті көптің көңілінен шығатындай кейіпке енеді. Ал, Бобровка кентінің жөні бөлек. Мұнда болашақта банк бөлімшелері, балабақша,мектеп, жеке кітапхана, мешіт, спорттық сауықтыру кешендері, өрт сөндіру бөлімшесі сияқты әлеуметтік нысандармен қатар, Бобровка тұрғындары үшін демалатын саябақ та салынады деп күтілуде.
Ал, оң жағалауға келер болсақ, өткен жылы жобалау фирмасының басшылығы мен сәулетшілері қала орталығының нақты жайғастыру жобасын таныстырып, тіпті, қоғамдық тыңдау да өткізілген болатын.
Сол кезде Семей шаһарының орталық бөлігіне біраз өзгерістер енгізілетіндігі айтылған еді. Орталық алаңның нақты жайғастыру жобасына сай, облыстық аурухана, темір жол бекетінен Ертіс өзенінің жағасына қарай аумақта айтарлықтай құрылыс жүргізіледі. Жаңа көпірден Павлодар, Бородулиха бағытына қарай бет алған тұс, яғни Қаржаубайұлы көшесі бойында көптеп тұрғын үй кешендері бой көтеріп, әлеуметтік нысандар түзілетіндігі тілге тиек етілген болатын. Сонымен қатар, Шәкәрім даңғылының бойында ірі бизнес орталықтары мен сауда нысандары дәл осы қаланың орталық аумағында жиі салынатындығы да айтылған еді. Қазіргі орталық автобекетті де темір жол вокзалы маңына жайғастыру жайында сөз қозғалған болатын.
Міне, оң жағалаудың қала орталығынан өзге «Қарағайлы», «Солтүстік» тұрғын аудандары, 2-ші орталық бөлік, «Рабочий поселек ТЭЦ -3» шағын аудандары Бас жоспар негізінде дамитын болады. Ал, 20, 35, 342, 343, 352 ықшам аудандар да назардан тыс қалмайды.
Аркенжан Ахметжанұлы қаладығы көне тарихи нысандар, архитектуралық маңызы бар орындардың барлығы да сақталып, оны мүмкіндігінше Бас жоспардағы жаңа ғимараттармен үйлестіру назарға алынғандығын да атап өтті.
Жиналған сәулетшілер Бас жоспардың нақты түзілгендігіне тоқталып, өз ойларымен бөлісті. Атап айтқанда, болашақта салынатын тұрғын үйлердің жер-төлесін автотұраққа айналдыру, көлік кептелістерін азайтуда айналма жолдарды ретке келтіру сияқты пікірлерін ортаға салды. Сәулетшілер өз ұсыныстарын жобалау фирмасы басшылыққа алатын болса, Бас жоспардың Семей қаласы үшін үлкен елеулі оқиға екендігін жеткізді.
Ұмытпасаңыз қаланың орталық бөлігіндегі нақты жайғастыру жобасы негізінде автотұрақтар салына бастайтындығы айтылған еді. Қазір көлік көп. Сондықтан мұндай тұрақтар керектігі бай-қалады. Осыған орай, Герцен көшесінің бойынан 112 көлік сиятын төрт қабатты автотұрақтың жобасы сәулетшілерге таныстырылды. Осы ретте, қаланың бас сәулетшісі Қалдыбек Қоқиланов Семей қаласында өткен жылдан бастап Айбек Мүталапханұлының тікелей тапсыр- масымен темір гараждардың алына бастағанын атап өтті.
-Бұрын бас жоспар болмаған кезде, барлығы өзіне қолайлы жер алып, құрылыс жүргізіп келгендіктерінің салдарынан орынсыз салынған нысандар көбейген. Бас жоспар бекігелі осындай құрылыстың қарқыны азайды. Біз өткен жылы біраз көшенің бойындағы темір гараждарды алдық. Биыл да бұл жұмыс жал-ғасын табады. Тұрғындар тарапынан түсіністік қалыптасып келеді. Сондықтан осындай, яғни Герцен көшесінен салынады деп жоспарланған көпдеңгейлі автотұрақ салуды бастаймыз, — деп айтып өтті. Семей қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қалдыбек Қоқиланов.
Сәулетшілер автотұрақтың сырт келбетінің көрікті екендігін атап өтіп, орналасқан аумағына тұрғындардың қарсылығы болмайтындығына баса мән беріп, тағы бір пысықтап алу жөнінде ұсыныстарын білдірді.
Көшпелі отырыстың күн тәртібінде қаралған келесі мәселе – «Көктем» сауда үйінің сырт келбеті. Оң жағалаудан жаңа көпірмен Цементшілер кентіне бұрыла беріс тұстағы жолдың оң қанатындағы сауда үйінің бүгінгі келбеті шынымен де қала сәулетшілерін ойландырғанға ұқсайды. Сол жағалаудағы айналма жолдың жанындағы сауда үйінің маңында автотұрақ жоқтың қасы. Сондықтан, сауда үйін қайта қалпына кел-тіруді көздеген сәулетшілер жиналғандарға сауда нысанының болашақтағы бейнесімен таныстырды. Көпті көрген сәулетшілер қауымы сауда үйінің жаңа жобасында мін жоқтығын айта келіп, келушілерге қолайлы жағдай жасау үшін автотұрақтың кең, әрі ыңғайлы болуына ұсыныс айтты.
Бүгінде көпшілік «Кофеманды» жақсы біледі. Беделді, сыйлы мейман келсе, ойланбастан «Кофеманға» бастап жүреді. Болашақта бұл нысанға да бірқатар өзгерістер енгізілмек. Бұйырса, «Кофеманға» жапсарлас құрылыс жүргізіліп, нысанды кешенге айналдыру көзделуде. Сондықтан, жиналған сәулетшілер нысанның орналасқан жері қайнаған тіршіліктің ортасы, бұл жерде де келу-шілердің қатары көп екендігін айтып, «Кофеманның» аумағына автотұрақты дұрыс ұйымдастыру қажеттігін тілге тиек етті. «Сәулет құрылыс» жобалаушы фирмасының бас сәулетшісі Еркін Мұхамедиев болашақта айтылған барлық ұсыныстардың ескерілетіндігін жеткізді.
Ерзат ЖАНАТҰЛЫ, «Семей таңы»
Пайдаланылатын жердің көлемі 818 мың шаршы метрді құраса, тұрғындар саны 27 мыңға жетеді деп көзделуде.
Семейдің солтүстік бөлігінде орналасқан оң жақ жағалаудағы Қарағайлы ауданында Назарбаев зияткерлік мектебі, Қазақ-түрік лицейі, балабақша, оңалту орталығы және бірнеше тұрғынүйлер бой көтермек. Болашақта бұл ауданды 18 мың халық мекен етіп, 541 мың шаршы метр жер алаңы құрылыс жұмыстарына пайдалануға берілмек.
Сонымен қатар, жиында Восход кентіне жақын жерге ТЭЦ-3 құрылысы және басқа да нысандардың құрылыс жұмыстары жүргізілмек.
Түйемойнақ аралының аумағында азаматтар демалатын орындар, спорттық нысандарды салып, мемориалдық кешеннің құрылысын аяқтау көзделуде.
Аркенжан Мәметов сөзін аяқтаған соң жиынға қатысушылар қаланың дамуына қатысты көкейлерінде жүрген бірқатар сауалдарды жолдап, ұсыныстарымен де бөлісті. Қоғамдық тыңдауда Николай Исаев, облыстық мәслихаттың депутаты Марат Құрманбай күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты өз ойларын білдірді.
Сонымен қатар, жиында Семей мемлекеттік медициналық университетінің студенттеріне білім ордасына кіруге көлік кептелісінің қиындық тудыратыны туралы айтылған еді. Бұл сұраққа қала басшысы алдағы уақытта оңды шешімін табатынын жеткізді. СММУ-мен қатар, № 6 мектеп-гимназиясы мен Жоламан кен-тіндегі № 21 мектептің алдында да ірі жолдардың орын алғанын, бұл жерлерді бір жақты ету көзделіп отырғанын айтты қала әкімі. Сондай-ақ, Айбек Мүталапханұлы айтылған ұсыныстардың ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын, қалада барлық бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілетінін, тәртіпті күшейту мақсатында 80 бейнебақылау құрылғысы орнатылатынын да сөз етті. Ал, бұрынғы зоовет институтының маңайына саябақ салуға болатынын да тілге тиек етті.
Жиын соңында Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына күш жігерлерін жұмсағаны үшін «Градо» ЖШС-нің директоры Аркенжан Мәметовке және оның ұжымына ризашылығын білдіріп, барлық істеріне сәттілік тіледі. Алдағы уақытта әлі де бірігіп атқарар жұмыстардың аз еместігін атап өтті.
Нұрдәулет КӘКІШЕВ, «Семей таңы»