АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Баспасөз хабарламасы

домбыра «Қазақтың дәстүрлі музыкасы:Дәстүршілдік пен жаңашылдық» атты дәстүрлі қазақ музыкасы орындаушыларының халықаралық конференциясы

        Аталған шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Қазақстанда дәстүрлі музыканы дамыту» қоғамдық қоры өткізіп отыр. Мақсат — дәстүрлі музыка өкілдерін мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекеттесуге ықпал ету, отандық дәстүрлі музыка авторлары мен орындаушыларының бастарын қосу, ортақ проблеманы шешу жолдарын іздеу және шет елдерде қазақтың дәстүрлі музыкасын паш етіп жүрген авторлар мен орындаушылармен тәжірибе алмасу. Және де дәстүрлі музыка тақырыбымен айналысып жүрген барша сарапшы-мамандар, ғалымдар, студенттер, қоғамдық ұйым өкілдері және дәстүрлі музыкаға бей-жай қарай алмайтын барлық азаматтармен пікір алмасу, зерделеу.

Соңғы кездері республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында бүгінгі күні елдегі рухани айналымнан дәстүрлі музыканың үні тысқары  қалып бара жатқаны жөнінде жиі айтыла бастады. Дәстүрлі музыка өкілдерінің айтуынша, үлкен концерттерден, жалпы сахнадан дәстүрлі музыка тысқары қалып барады. Жалпы дәстүрлі музыканың бұдан кейін насихаты азайып бара жатқаны көрініс береді. Ал Дәстүрлі музыканың көне туындыларының ел ішінен жиналу жағдайы мен жүйелі зерттелу жайы, сусап отырған халықтың назарына ұсынылу жағы жөнінде сөз қозғау қиын. Кейбір жекелеген азаматтардың бастамасымен ғана дәстүрлі музыка туындылары аз ғана  данамен дискі болып жарыққа шыққанын айтпсақ, бұл мәселеде ауыз толтырып айтарлық игілікті істер кемшін. Дискі ретінде жарыққа шыққан дүниелер пышақ үстінен үлесіп, лезде сатылып кетіп, оны сұраушылардың саны артып отырғаны белгілі.

Бұл мәселенің бүгінгі өзектілігін көрсетсе керек. Проблеманың алдын алудың қазіргі тегершігі Қазақстан қоғамындағы дәстүрлі музыкаға деген көзқарасты өзгерту болып табылатындығына көз жетіп отыр. Ол үшін аталған мәселе бойынша кешенді зерттеулерді ұйымдастырып, қоғам назарына ұсыну арқылы проблеманы алдын алу қажет.

Конференция жұмысына елдегі дәстүрлі музыкаға жанашыр азаматтармен қатар, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан және Қырғызстан сынды шет елдерде қазақтың дәстүрлі музыкасын паш етіп жүрген авторларымызбен орындаушыларымыз қатысып, өз ойларын ортаға салатын болады.

Өтетін уақыты: 2013 жыл, 4 қазан, жұма, сағ: 10:00

Өтетін жері: Қазақстан Жазушылар одағы, Абылай хан даңғылы, 105-үй

Тел: 2 61 12 72

8 7 07 903 00 36; 8 702 903 00 36