АЛТЫНОРДА
Новости

Бастау көзi – ұлттық тәрбие пәнi

Саудагер мұраты саудасының өтуi ғой. Базарға күнде неше түрлi адамдар келедi. Бiрi қызба, бiрi маскүнем, бiрi нашақор, ендi бiрi даукес. Солардың қыбын тауып, үдесiнен шығып, саудасын жасап жүрген базар қызметкерлерiнiң денi – әйелдер. Нарық заманы қос өкпеден қысқанда қара халық жанбағыс үшiн базар жағалады. Саудасын жүргiзiп, бала-шағасының тамағын, киiмiн айырды. Ошақтың оты, шаңырақтың ұйытқысы, тәрбиенiң тамыршысы әйел адам сыртта жүрген соң, үйдегi баланың тәрбиесi ақсағаны рас. Содан да қоғамның мiнезi бұзылды. Жастардың арасында азғындық, безбүйректiк, опасыздық, тасбауырлық меңдедi. Бiздiң бала күнiмiзде көшеде қыз бен ер бала қатар тұрып сөйлеспейтiн. Үлкендер көрiнсе тығылып, тасалау жерге баратын. Ал қазiр көпшiлiк орындарда өндiрдей жап-жас балалар шөпiлдескеннен еш қымсынбайды, ар санамайды. Үлкен келе жатыр екен деп ұялу былай тұрсын, бiздi көрдiң бе дегендей, қасқайып қарайды. Осыған кiм кiнәлi? Қоғам ба, адам ба? Менiңше, екi тараптың да әсерi бар секiлдi. Қоғамда күнкөрiс қиындады да тәрбиенiң тiзгiнiн бiз босатып алдық. Ал ендi адамнан қандай қателiк кеттi? Барлығы осындай деуге келмес, дегенмен де бiздiң арамызда баласын еркiн өсiрiп, өзi би, өзi қожа етiп қойғандардың қарасы көп. Бүлдiршiн бiр нәрсенi бүлдiрсе, тәйт деп тыйып тастамағандықтан, ақыры осындай жағдайға ұрындырып

http://zhasalash.kz/makataev-22/12788.html