Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі елімізде «Еңбек күні» болып белгіленген. Осы күнге орай, бүгін облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы Б.Есқараев ҚР Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында брифинг берді. Баспасөз мәслихатында басқарма басшысы БАҚ өкілдері арқылы барша еңбеккерлерді айтулы күнмен құттықтап, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда өтетін салтанатты жиынға шақырды. Аталған жиында бірқатар азаматтар «Еңбек ардагері» медалі мен облыс әкімінің Грамоталары, Алғыс хаттарымен марапатталатынын жеткізді. Сонымен қатар, брифингте мекеме басшысы 8 айда атқарылған жұмыстары туралы мәлімдеме жасады. Осы уақытта басқарма тарапынан облыстың кәсіпорындары мен мекемелерінде ҚР еңбек заңнамасының сақталуын бақылау мақсатында 617 тексеру жұмстары жүргізілгенін айтты. Тексеру барысында 1659 заң бұзушылық анықталып, 11 миллионнан астам теңге көлемінде 229 айыппұл салынды. Ал 37 мекемеде 2819 жұмысшы алдында 204 млн теңге жалақы қарызы анықталған болса, оның бүгінде 35 мекемедегі 2678 жұмысшыға тиесілі қарызы төленген деді, — Б.Есқараев. Брифингті қорытындылаған басқарма басшысы алдағы уақытта құзырлы органдармен бірлесе рейдттік шараға шығатындарын хабарлады.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі