Лондондық фотограф Джордж Логанның батыр мысығы Африканың жабайы табиғатымен жақын танысуға мүмкіндік алды.
…Батыр мысық бірде қабыланның құйрығын ұстап, енді бірде ала құландармен бір қатарда жарысып, одан қала берді арыстандарға құшақ ашып, амандасып кетуді де ұмыт қалдырмапты…
“Abbott Mead Vickers BBDO” жарнама агенттігі «Whiskas» деген мысық тамағына арнайы осы бір суреттер сериясын түсіріп шыққан. Оңтүстік Африканың жабайы табиғаты екінші планда қалса керек.
]