![]() –Біз партия үшін өте маңызды, стратегиялық құжат – жаңа саяси доктрина жобасын әзірлеу бойынша ауқымды әрі күрделі жұмыс жүргіздік,–деді жұмыс тобы мүшелеріне қайырылған «Нұр Отан» Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек. – Осы уақытта әрқайсыңыздың қосқан үлестеріңіз орасан зор. Ол үшін баршаңызға алғыс айтамын. Бауыржан Байбек Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, өзі де, өңірлік іссапарлары кезінде түрлі еңбек ұжымдарындағы, бастауыш партия ұйымдарындағы кездесулер барысында азаматтармен осы доктринаның басты бағыттарын талқылап, олардың ой-пікірлерін тыңдапты. «Жалпы, сол кездегі құжат жобасының өзі партияластарымыздың қолдауына ие болған еді. Ал содан бері доктрина тағы біршама өңделді. Енді партияластарымыздың кеңейтілген талқылауына шығарылады» деді ол. Партия Төрағасының бірінші орынбасары құжат жобасына «шынымен де сапасы өте жоғары, жан-жақты ойластырылған әрі өте мазмұнды құжат болып шыққалы тұр» деген баға берді. «Ерекше атап өтетін жағдай,–деді ол,–Қазақстан халқы ассамблеясының жуырда өткен сессиясында Елбасымыз, партия Төрағасы Н.Назарбаев: «Халқымыздың басты принципі – қоғамдық келісім болуы тиіс, ата-бабамыздың дәстүрлерін сақтай отырып, біз бірлік, толеранттылық пен отансүйгіштіктің үлгісін көрсете білуіміз қажет» деп айтқан еді. Бұл жерде Елбасының осы сөзінің доктринамен үндестігі мен үйлесімділігі байқалады. Себебі, доктринада да қоғамдық келісім, дәстүрлер, бірлік деген ұғымдар басты басымдықтар мен құндылықтар қатарына жатқызылған». Айхан ШӘРІП |
Предыдущий
Следующий