Forbes журналы әлемнің ең танымал жұптары арасындағы байлардың рейтингін жария етті. 95 млн доллар дәулеті бар әнші, актриса Бейонсе мен оның күйеуі – рэпер Jay-Z көш басына шықты.
Utro.ru-дың хабарлауынша, бай жұптар тізімінің екінші орнын бразилиялық супермодель әрі актриса Жизель Бюндхен мен оның күйеуі америкалық квотербек Том Брэди иеленіп отыр. Бұлардың байлығы – 80 млн доллар. Брэд Питт пен Анджелина Джоли 50 млн долларлық табысымен үшінші орынды қанағат тұтты. Ең бай танымал жұптар рейтингінің алғашқы бестігіне америкалық актер Эштон Кутчер мен оның қазіргі азаматтық келіншегі Мила Кунис ($35 млн) және рэпер Канье Уэст пен актриса, фотомодель Ким Кардашян ($30 млн) да енді.