11 ақпанда Антверпен соты «Бельгия үшін шариғат» тобын басқарған Фуад Белкасемге 12 жыл түрме жазасын кесті. Ол адамдарды ИМ құрамына кіріп, жиһадшы ретінде Сириядағы соғысқа қатысуға үгіттеді деп айыпталған. Белкасем сотта айыпты мойындаған жоқ.
Абу Имран есімімен де танымал Белкасем Бельгияда ислам мемлекетін орнатуды мақсаты екенін бірнеше рет мәлімдеген.
«Бельгия үшін шариғат» ұйымының 46 мүшесіне қатысты сот-тергеу жұмыстары жүргізілген. Олардың тек тоғызы сотқа тартылды. Прокуратураның мәлімдеуінше, қалғаны Сирияда соғысып жүр, я соғыс аймағында қаза тапқан.
Бельгия үкіметінің дерегінше, бұл елдің 350 азаматы Сирия мен Иракта соғыста жүр.
http://www.azattyq.org/archive/news/20150211/330/330.html?id=26842404