АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Билесеңіз, басыңыз ауырып, балтырыңыз сыздамайды[:]

[:kz]

 %d0%b1%d0%b5%d0%b7-%d0%bd%d0%b0%d0%b7%d0%b2%d0%b0%d0%bd%d0%b8%d1%8f-3Әр адамның табиғатына байланысты шығар, біреу билеуді қалап тұрады, тіпті онсыз өмір сүре алмайды… Енді біреулер билеуді ерсі көріп, отырған жерінде әуен қойыла қалса тысқа қарай қаша жөнеледі. Бірақ, би билеу – тек көңілді көтеріп, жадыратып қана қоймайды, оның адам ағзасына айтарлықтай пайдасы да бар. Мамандар сөзімен, тізімдей жөнелсек:

 

 Тілмен түсіндіре алмайтын жайтты бимен жеткізуге болады. Биде де аса терең философиялық ой жатады. Британдық маман Х.Эллис би арқылы екі адам бір-біріне қуатты физиологиялық импульс бере алады десе, келесі бір мамандар дене қозғалысының астарында жан қозғалысы жасырынып жатыр дегенді айтады. Аптасына екі рет би үйірмесіне бару ақыл-парасат кемдігіне душар болу қаупін азайтады. Ата-аналары жастайынан биге алып барған балалардың сүйектері басқаларға қарағанда 5 пайызға берік болады екен.Сондай-ақ, ғалымдар жүрек-қан тамырларында ақау бар науқастарға зерттеу жүргізеді. Бишілерде қандағы оттектің мөлшері 18%-ға, дене шынықтыру мамандарында 16%-ға көбейген. Би сағатына шамамамен 400 ккал энергияны жоқ қылып жібереді. Ал, Қытайда ерлердің ішпен билеу үрдісі кең таралған. Олар артық салмақпен де  осылайша  күреседі. Адамның жүйке жүйесіне  де бидің әсері зор. Мысалы, жүйкеге түскен ауырлықты басады, бас ауруларын қайтарады, артериалды қысымды қалыпқа түсіреді. Сөз соңында айтарымыз,  кәсіби бимен айналысатын адамдарда ешқашанда Паркинсон ауруы болмайды. Жарайды, кәсіби деңгейде болмаса да, ағзаңыз үшін, билеп тұруды дағдыға айналдырыңыз !

http://anabol.kz/

 

 

[:]