«Оқу – инемен құдық қазғандай». «Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы», «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады». Білімге қатысты мақал-мәтел мен қанатты сөздерді тізбектесең, осылай жалғасып кете береді. Бұдан шығатын қорытынды не?
«Баламды медресеге біл деп бердім». Оқу-білім технологиясы дамымай тұрған ХІХ ғасырдағы кезеңде-ақ қазақ данышпанының айтқан сөзі бүгін де өзекті. Қазір де қазақ жалғыз сиырын сатса да, баласын оқуға береді. Қатарынан кем болмасын деп береді. Жейтін нанын таппай қалмасын деп оқуға жібереді. Өзі оқымаса да, баласын оқытады. Әрине, бұған қуану керек шығар. Өйткені білім – табыстың кепілі. Былайша айтқанда, бұл – қазекеңдердің жазылмаған заңы. Орталық Азиядағы басқа ұлттың баласы мектебін бітірмей жатып саудаға араласса, біздің ұлт сауаттылыққа бет бұрған. Баласын жоғары оқу орнына түсіргісі келеді. Егер таразыға салар болсақ, оқуға түскеннің бәрі профессор бола алмайды, профессордың бәрі олигарх емес, саудада істеп жүргеннің барлығы бай деп айтуға келмейді. Бірақ көрші өзбектермен салыстырғанда біздің елде қуанатын бір нәрсе бар, Қазақстанның байы да, орта табы да, кедейі де баласының оқығанын жақсы көреді. Мүмкін, «оқыған адам жерде қалмайтын» шығар. Осы жағынан келгенде мемлекеттің де, елдегі халықтың та көзқарасында бір ынтымақ бар. Білім арқылы ғана елдің дамуы артады, біліммен ғана өзгелерді, өркениетті мойындата аламыз. Бұл тұрғыдан келгенде, қазаққа «оқы» деген дана Абайдың данышпандығын мойындаймыз. Мұны неге айтып отырмыз? ХХІ ғасыр–білім мен ғылымның ғасыры. Білімділігін мойындатқан, оны тәжірибеде жүзеге асырған ұлт қана өзгенің алдына түседі. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дамыған 30 елдің қатарына ену туралы стратегиялық тапсырмасында осындай маңызды міндет жатыр. Ал Алматы мен Астанадағы оқу орны мен білім ордаларында жағдай жақсы, ал шағын қалаларда ше? Түркістан. Бұл – тарихи қала. Біздің мақтанышымыз. Қожа Ахмет Йассауидің кесенесінде қазақ батырлары мен билерінің асыл сүйегі осында. Жоңғарларға қарсы күресте жанқиярлықпен ұрысып, қазақтың мемлекеттілігін сақтап қалған Абылай хан жатыр. Тарихи қаладағы Қожа Ахмет Йассауидің кесенесін Әмір-Темір салдырған. Оның осындай таңғажайып төрт кесенесінің біреуі ғана аман қалған. Ол – Түркістандағы кесене. Йассауи мавзолейі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұраларының тізіміне енген. «Қожа Ахмет Йассауи– түркістандық ғұлама, әулие. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Йассауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Йассауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. ІХ ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Иасы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағы да басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, Х ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Йассауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Йассауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Йассауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи «Рашахат-ул айн-ил хайат» атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жыл қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Йассауидың «Диуани хикметінде» де Арыстан баб жиі ауызға алынады». Ғаламтордағы мәліметтер тарихтан осылай тәмсіл тартады. Бірақ сонымен қатар қасиетті Түркістанда тағы бір берекелі нәрсе бар. Ол күнде де, түнде үзіліссіз жұмыс істейтін базары. Мұнда кез келген тауар басқа қалалармен салыстырғанда – арзан. Базарына жақындасаңыз, тандыр мен кәуаптың исі мұрныңызды жарады. Бағасы төмен. Шаһар көркейіп келеді. Қаланың ішкі жалпы өнімі 2012 жылы 22,1 пайызға өскен. Тұрғын үй құрылысы, ауыл шаруашылығы саласына салынған инвестиция артып келеді. Мемлекет тарапынан берілетін қаржы да өткен жылы 87,9 пайызға өскен. Пайдалануға берілген үйлер де 2,9 пайызға артты. Дегенмен демографиялық өсімнің күрт артуына құрылыс дамуы ілесе алмай жатыр. Өйткені Түркістан–жастардың қаласы. Қала тұрғындарының 30 пайыздан астамы 14 пен 29 арасындағылар. Түркістанға Орталық Азия елдерінен гастарбайтерлер көп келетінін де айта кету қажет. Жергілікті кафеде тамақтану арзанға түседі, мұнда ең дәмді палау пісіріледі. Түркістанның палауын жеген адам бұл жерге міндетті түрде қайта келуге тырысады. Біз Түркістанда халық жиі келетін екі жер барын айттық. Бірі –Қожа Ахмет Йассауи кесенесі, екінші қаланың – арзан базары. Ал үшіншісі… Үшіншісі – Орталық Азиядағы ең үлкен оқу орны Қожа Ахмет Иассауи атындағы қазақ-түрік университеті. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іргетасы қаланған бұл жоғары оқу орны қазір түркі бірлігінің символын айғақтап тұр десек, ақиқат. Атап айтар болсақ, университет қабырғасында 17 түркі мемлекетінен келіп студенттер оқиды. Бұл тұрғыдан алғанда, Түркістанды түркі жастарының «білім Меккесі» деп атауға болады. Қуанатын тағы бір жайт, оқу орнының оқытушы-профессорлық құрамы халықаралық аттестациядан өтуге өтініш беруде. Демек, бұл болашақта Қожа Ахмет Йассауи атындағы қазақ-түрік университетінің дипломын бүкіл әлем мойындайды деген сөз. –1991 жылы Президент Назарбаев қасиетті Түркістан жерінде университеттің құрылысын бастау жөнінде шешім қабылдады. 1992 жылдың 1 мамырында Қазақстан мен Түркия арасында оқу орнына халықаралық мәртебе беру жөнінде бірлескен келісімге қол қойылды. Университетте қазір әлемге белгілі маман-ғалымдар, профессорлар, мемлекеттік сыйлықтың иегерлері, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары, мойындалған ғалымдар сабақ береді. Бір ғана мысал, академик Балабековтің еңбегі Ганновердегі ғылым академиясында жақсы сынақтан өтіп, әлемдік дәрежедегі маңызы бар ғылыми жаңалық ретінде бағаланды,–дейді университет басшыларының бірі Салих Аймурал. Оқу орнының ақылы бөлімі арзан. Бір студенттің жылдық оқу ақысы –360 мың теңге ғана. Бұл басқа өңірдегі оқу орындарымен салыстырғанда тым төмен. Оқу орнының әкімшілік ғимаратына шығып қарасаңыз, Түркістан алақандағыдай көрінеді. Қаланың экологиялық жағынан таза екеніне көз жеткізуге болады. Университет әкімшілік корпусымен ғана емес, барлық сапалық заңдылықтарға сай оқу корпустарымен де әдемі. Заңгерлер оқитын аудиторияда студенттер прокурор, қорғаушы мен судьяның, сонымен қатар айыпталушы мен куәгерлердің роліне еніп, тәжірибелік сабақ жүргізеді. Ал журналистердің университеттік өз газет, журнал, баспаханалары бар. Бәрі қазіргі заманға сай жабдықталған. Түркиядан келген академик, профессорлардың сабағы қызғылықты. Тіпті Ыстамбұлда, Измир, Анкарада өз үйінде отырып, студенттерге он-лайн режимінде дәріс өткізілетін кездер жиі болады. Әсері бөлек. Университеттің медициналық клиникасы студенттерге ғана емес, жергілікті тұрғындар жиі қаралатын емхана десек, ол шындық. Біз қазақ-түрік университетінің үшінші курсында білім алып жатқан Ресейден келген Юлия Чаппен сырластық. – Мен Түркістандағы университет туралы 13 жасымда таныс құрбымнан білдім. Мектеп бітіргеннен кейін қайда баратыным белгілі болды. Емтиханды осында келіп тапсырдым. Бір жыл дайындық курсында оқыдым. Қазір қазақ, түрік, ағылшын тілдерін жетік білемін. Әсіресе, университеттің араб елдеріндегі тәрізді жатақханасы ұнады. Мешіттен естілетін азан мен дұға маған қатты әсер етті. Біз Ресей жерінде тұратын түркі халқына кіретін шағын халықпыз. Бар-жоғы 12 мың-ақ адамбыз. Университетті бітірген соң, дипломат болғым келеді, – дейді ол.
Еркін ҚАЛДАН
|
«Оқу – инемен құдық қазғандай». «Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы», «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады». Білімге қатысты мақал-мәтел мен қанатты сөздерді тізбектесең, осылай жалғасып кете береді. Бұдан шығатын қорытынды не? «Баламды медресеге біл деп бердім». Оқу-білім технологиясы дамымай тұрған ХІХ ғасырдағы кезеңде-ақ қазақ данышпанының айтқан сөзі бүгін де өзекті. Қазір де қазақ жалғыз сиырын сатса да, баласын оқуға береді. Қатарынан кем болмасын деп береді. Жейтін нанын таппай қалмасын деп оқуға жібереді. Өзі оқымаса да, баласын оқытады. Әрине, бұған қуану керек шығар. Өйткені білім – табыстың кепілі. Былайша айтқанда, бұл – қазекеңдердің жазылмаған заңы. Орталық Азиядағы басқа ұлттың баласы мектебін бітірмей жатып саудаға араласса, біздің ұлт сауаттылыққа бет бұрған. Баласын жоғары оқу орнына түсіргісі келеді. Егер таразыға салар болсақ, оқуға түскеннің бәрі профессор бола алмайды, профессордың бәрі олигарх емес, саудада істеп жүргеннің барлығы бай деп айтуға келмейді. Бірақ көрші өзбектермен салыстырғанда біздің елде қуанатын бір нәрсе бар, Қазақстанның байы да, орта табы да, кедейі де баласының оқығанын жақсы көреді. Мүмкін, «оқыған адам жерде қалмайтын» шығар. Осы жағынан келгенде мемлекеттің де, елдегі халықтың та көзқарасында бір ынтымақ бар. Білім арқылы ғана елдің дамуы артады, біліммен ғана өзгелерді, өркениетті мойындата аламыз. Бұл тұрғыдан келгенде, қазаққа «оқы» деген дана Абайдың данышпандығын мойындаймыз. Мұны неге айтып отырмыз?
ХХІ ғасыр–білім мен ғылымның ғасыры. Білімділігін мойындатқан, оны тәжірибеде жүзеге асырған ұлт қана өзгенің алдына түседі. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дамыған 30 елдің қатарына ену туралы стратегиялық тапсырмасында осындай маңызды міндет жатыр. Ал Алматы мен Астанадағы оқу орны мен білім ордаларында жағдай жақсы, ал шағын қалаларда ше? Түркістан. Бұл – тарихи қала. Біздің мақтанышымыз. Қожа Ахмет Йассауидің кесенесінде қазақ батырлары мен билерінің асыл сүйегі осында. Жоңғарларға қарсы күресте жанқиярлықпен ұрысып, қазақтың мемлекеттілігін сақтап қалған Абылай хан жатыр. Тарихи қаладағы Қожа Ахмет Йассауидің кесенесін Әмір-Темір салдырған. Оның осындай таңғажайып төрт кесенесінің біреуі ғана аман қалған. Ол – Түркістандағы кесене. Йассауи мавзолейі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұраларының тізіміне енген. «Қожа Ахмет Йассауи– түркістандық ғұлама, әулие. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Йассауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Йассауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. ІХ ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Иасы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағы да басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, Х ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Йассауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Йассауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Йассауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи «Рашахат-ул айн-ил хайат» атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жыл қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Йассауидың «Диуани хикметінде» де Арыстан баб жиі ауызға алынады». Ғаламтордағы мәліметтер тарихтан осылай тәмсіл тартады. Бірақ сонымен қатар қасиетті Түркістанда тағы бір берекелі нәрсе бар. Ол күнде де, түнде үзіліссіз жұмыс істейтін базары. Мұнда кез келген тауар басқа қалалармен салыстырғанда – арзан. Базарына жақындасаңыз, тандыр мен кәуаптың исі мұрныңызды жарады. Бағасы төмен. Шаһар көркейіп келеді. Қаланың ішкі жалпы өнімі 2012 жылы 22,1 пайызға өскен. Тұрғын үй құрылысы, ауыл шаруашылығы саласына салынған инвестиция артып келеді. Мемлекет тарапынан берілетін қаржы да өткен жылы 87,9 пайызға өскен. Пайдалануға берілген үйлер де 2,9 пайызға артты. Дегенмен демографиялық өсімнің күрт артуына құрылыс дамуы ілесе алмай жатыр. Өйткені Түркістан–жастардың қаласы. Қала тұрғындарының 30 пайыздан астамы 14 пен 29 арасындағылар. Түркістанға Орталық Азия елдерінен гастарбайтерлер көп келетінін де айта кету қажет. Жергілікті кафеде тамақтану арзанға түседі, мұнда ең дәмді палау пісіріледі. Түркістанның палауын жеген адам бұл жерге міндетті түрде қайта келуге тырысады. Біз Түркістанда халық жиі келетін екі жер барын айттық. Бірі –Қожа Ахмет Йассауи кесенесі, екінші қаланың – арзан базары. Ал үшіншісі… Үшіншісі – Орталық Азиядағы ең үлкен оқу орны Қожа Ахмет Иассауи атындағы қазақ-түрік университеті. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іргетасы қаланған бұл жоғары оқу орны қазір түркі бірлігінің символын айғақтап тұр десек, ақиқат. Атап айтар болсақ, университет қабырғасында 17 түркі мемлекетінен келіп студенттер оқиды. Бұл тұрғыдан алғанда, Түркістанды түркі жастарының «білім Меккесі» деп атауға болады. Қуанатын тағы бір жайт, оқу орнының оқытушы-профессорлық құрамы халықаралық аттестациядан өтуге өтініш беруде. Демек, бұл болашақта Қожа Ахмет Йассауи атындағы қазақ-түрік университетінің дипломын бүкіл әлем мойындайды деген сөз. –1991 жылы Президент Назарбаев қасиетті Түркістан жерінде университеттің құрылысын бастау жөнінде шешім қабылдады. 1992 жылдың 1 мамырында Қазақстан мен Түркия арасында оқу орнына халықаралық мәртебе беру жөнінде бірлескен келісімге қол қойылды. Университетте қазір әлемге белгілі маман-ғалымдар, профессорлар, мемлекеттік сыйлықтың иегерлері, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары, мойындалған ғалымдар сабақ береді. Бір ғана мысал, академик Балабековтің еңбегі Ганновердегі ғылым академиясында жақсы сынақтан өтіп, әлемдік дәрежедегі маңызы бар ғылыми жаңалық ретінде бағаланды,–дейді университет басшыларының бірі Салих Аймурал. Оқу орнының ақылы бөлімі арзан. Бір студенттің жылдық оқу ақысы –360 мың теңге ғана. Бұл басқа өңірдегі оқу орындарымен салыстырғанда тым төмен. Оқу орнының әкімшілік ғимаратына шығып қарасаңыз, Түркістан алақандағыдай көрінеді. Қаланың экологиялық жағынан таза екеніне көз жеткізуге болады. Университет әкімшілік корпусымен ғана емес, барлық сапалық заңдылықтарға сай оқу корпустарымен де әдемі. Заңгерлер оқитын аудиторияда студенттер прокурор, қорғаушы мен судьяның, сонымен қатар айыпталушы мен куәгерлердің роліне еніп, тәжірибелік сабақ жүргізеді. Ал журналистердің университеттік өз газет, журнал, баспаханалары бар. Бәрі қазіргі заманға сай жабдықталған. Түркиядан келген академик, профессорлардың сабағы қызғылықты. Тіпті Ыстамбұлда, Измир, Анкарада өз үйінде отырып, студенттерге он-лайн режимінде дәріс өткізілетін кездер жиі болады. Әсері бөлек. Университеттің медициналық клиникасы студенттерге ғана емес, жергілікті тұрғындар жиі қаралатын емхана десек, ол шындық. Біз қазақ-түрік университетінің үшінші курсында білім алып жатқан Ресейден келген Юлия Чаппен сырластық. – Мен Түркістандағы университет туралы 13 жасымда таныс құрбымнан білдім. Мектеп бітіргеннен кейін қайда баратыным белгілі болды. Емтиханды осында келіп тапсырдым. Бір жыл дайындық курсында оқыдым. Қазір қазақ, түрік, ағылшын тілдерін жетік білемін. Әсіресе, университеттің араб елдеріндегі тәрізді жатақханасы ұнады. Мешіттен естілетін азан мен дұға маған қатты әсер етті. Біз Ресей жерінде тұратын түркі халқына кіретін шағын халықпыз. Бар-жоғы 12 мың-ақ адамбыз. Университетті бітірген соң, дипломат болғым келеді, – дейді ол.
Еркін ҚАЛДАН
|