АЛТЫНОРДА
Новости

Биыл «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» тас жолы толықтай пайдалануға беріледі

Астана. 17 ақпан. Baq.kz – Биыл «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» Халықаралық көлік магистралі толықтай пайдалануға беріледі. Бұл жайында бүгін ОКҚ брифингі барысында Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешев мәлімдеді.

— «Нұрлы жол» бағдарламасының шеңберінде барлық жобалар бойынша осы жылы тиісті жұмыстар басталады. Ағымдағы жылы «Алматы-Қорғас» учаскесін қоспағанда «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» жобасы қолдануға беріледі. Бірінші жарты жылдықта Қорғас арнайы экономикалық аумағында құрғақ портты жобасы толық аяқталады. Сонымен қатар биыл «Боржақты-Ерсай» теміржол желісі, Астана жəне Шымкент қалаларында А класты сауда-логистикалық орталықтары іске қосылатын болады, — деді министр.

Оның айтуынша, биыл, теңізбен жүктерді тасымалдау нарығында тең бәсекелестік деңгейін қамтамасыз ету үшін Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту жұмыстары жүргізілуде, оның шеңберінде 2,5 млн.тонна қуаттылығымен 3 құрғақ жүкті терминалдарды салу көзделген.

Айта кетейік, 2016 жылы Құрық портында паром кешені салынатын болады. 2020 жылға қарай теңіз порттарының өткізу қабілеті 20,5 млн.тоннаға дейін өсетін болады, жүктерді теңізбен тасымалдау үлесі 65 %-ға өседі.

А.РАКИШЕВА

http://baq.kz/kk/news/60933