Амангелді АЙТАЛЫ, қоғам қайраткері
– Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделі қаншалықты өзін ақтай алды? – Келісім, тұрақтылық деген ұғымдардың мәнін ашып алайық. Әлеуметтік ғылымда екі концепция қалыптасқан. Қоғамда келісім мен керісу, қақтығыс пен бейбітшілік араласып, келісім кезінде қайшылықтар қордаланып, бірте-бірте дау-дамайға айналады, дау-дамайдың алдын алып, қайшылықтарды еңсерген тұста, келісімге ұласады. Ұлтаралық, әлеуметтік даулардың пайдасы да бар, олар әлеуметтік жүйенің көп қозғалмайтын адамның сүйектері, буындары сияқты семіп, қатып қалмауына, жаңаша ойлауға, жаңа жағдайға бейімделуіне, әрекет жасауға итермелейді. Ал қатып қалған тоңмойын билік шындықты мойындағысы келмесе, Жаңаөзендегі сияқты қанды оқиғалар-ға ұласады. Жаңаөзен мәселесіне үңіліп қарасақ, көптеген моноқалалардың мәселесі екенін енді білдік. Қоғамда тұрақтылыққа да, жанжалдарға да негіздер бар, тек елдің тынысын, ахуалын алдын ала танып білу қажет. Қазақстан халқы ассамблеясына ақиқат емес, аплодисмент керек сияқты. Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық моделі дегенімізде оны ешбір мемлекетте қайталанбайтын, ерекше ноу-хау деуге болмас. Әр мемлекеттің бұл салада өзінің қайталанбас жолы, басынан өткен асулары, өкініштері мен табыстары бар. «Бүкіл әлем Қазақстаннан үлгі алып отыр деу» асырып айтқандық болар. Марк Твен айтқандай, «тәуелсіздікке қол жеткізген ел саяси лотереяда пілді ұтқанмен бірдей, ал пілді асырау керек» деп. Жазушы тәуелсіздіктің жүгі мен жауапкершілігіне, алға ұстаған нысанаға жету жолының қауіп-қатерге, күмән мен күдікке толы екендігін меңзеп отырса керек. Тәуелсіздік алғаннан кейін саяси, экономикалық, моральдық дағдарысты әр этнос өз ой елегінен, жан дүниесінен өткізеді. Қазақтар күні бүгінге дейін «табиғи байлық шетел байларының қолына кетті» деп алаңдаса, славян текті диаспоралар адам құқығы бұзылды деп орынсыз алаңдады. Славян тектілер мен немістер пессимистік көңіл күйге бой алдырса, қазақтар болашаққа сенімді болды. Этносаралық қатынастарды бағалауда қазақтар мен этностар өкілдерінің айырмашылықтары анық байқалды. Сол кездегі әлеуметтік зерттеулерге қарағанда, қазақтар ұлтаралық қатынастарды «достық», «бейбіт» деп сипаттаса, славян, еуропатектілер оңды баға беруге сараңдау, «әр уақытта да достық емес», «қайшылықты» деп бағалаған. Қазақтар «басқа этнос өкілдерінің ішінде достарым көп» десе, басқалар «достарым өз этносым ішінде көбірек» деген. Еліміздің әртүрлі аймақтарында сепаратистік көңіл күй де байқалды. 1991 және 1992 жылғы этноәлеуметтік зерттеулер бойынша, Шығыс Қазақстан облысында славян тектілердің басым көпшілігі – 42,6%-ы автономия идеясын қолдап, 30,3%-ы қарсы болған. Ал Солтүстік Қазақстан саны сәйкесінше 35,5 пен 33,5% болды. Территориялық автономияны ашық қолдағандардың арасында немістер мен ұйғырлар да бар. Қазақстанда 1989 жылы Жаңаөзенде, 1994 жылы Шығыс Қазақстанда, 2006 жылы Ақтауда, 2006 жылы Теңізде, 2007 жылы Шелекте, Маловодное, Маятаста этносаралық жаппай қақтығыстар болды. Ресейдің кейбір ғылыми басылымдары 1989 жылы Жаңаөзенде болған жағдайдың себебін күні бүгінге дейін қазақтардан көреді: «…в 1989 г. националистически настроенная часть населения вынудили работавших дагестанцев в одночасье покинуть Казахстан и вернуться в Дагестан» деп жазады кейбір басылымдар. Шындығында, елімізде славян тектілер аралас некелерде тұрып негізінен орыстанғандар. Мысалы, украиндықтар, белорустар, немістер, орыстар арасында аралас некелер алпыс пайызға жетіп қалды. Оларда ана тілдерінде жазатын жазушылар, ақындар жоққа жақын, себебі олар орыстілділер. Кәрістер де орыстілді, ал татар , ұйғыр, өзбектер арасында қазақ тілі ана тілдерінен кейін екінші орында. – Ұлтаралық қайшылықтар неден тууы мүмкін? – Ел ішінің тыныштығы жайбарақат, қаперсіз, бейжай көңіл күйге, келісімнің сылбыр, марғау, қамсыз ахуалға ұласпағаны керек. Кейде тұрақтылық төңірегінде қарабайыр, жаттанды ресми насихат халықты жалықтырады, этносаралық келісімнің қазақстандық моделін проблемаларды мүлдем біржола шешілгендей, барлығы тап бүгінгідей бола беретіндей көреміз. Елімізде жаңа демографиялық ахуал қалыптасты. Қазақстан екі қауымдастық (қазақтар мен орыс диаспорасы) басым болған мемлекеттен сан жағынан бір ұлт – қазақ ұлты басым елге айналды. 1999-2009 жылдар аралығында қазақтардың саны – 26,0%, өзбектер – 23,2%, ұйғырлар 6,8% өссе, орыстардың саны – 15,3%, украиндар – 39,1%, татарлар – 18,0%, немістер – 45,5% азайды. Ұлт саясатын талдағанда қазақ ұлтының мәселесі алға шығатыны анық. Бүгінгі ақпараттық заманда қазақтар өз мәртебесін кеңес заманымен салыстырып қана қоймайды. Өз деңгейін басқа мемлекет құраушы ұлттармен, олардың аштық-тоқтығымен ғана емес, басқа мемлекет құраушы ұлт мәртебесімен, ұлттың даму деңгейімен, тіл, мәдениет дамуымен салыстырады. Мемлекет ішінде қазақтар, диаспоралардың мемлекеттік тілді меңгеруін қазақты сыйлаудың индикаторы ретінде бағалайды. Ал алыс аудандарда тұратын қазақтар өздерін экономикалық-әлеуметтік жағынан дамыған өңірлермен салыстырады. Үш тілді меңгеру мәселесі де қазақтарды ойландырады. Кейде біз ағылшын тілін меңгерген, университет бітірген, біздің жастар-ды Лондон мен Парижде күтіп отырғандай тәрбие жүргіземіз. Осының өзі мемлекеттік тілге, әсіресе, диаспора жастар арасында салқынын тигізеді. Бұл істе әлемдік тәжірибемен есептескен дұрыс. Канада лингвистерінің зерттеулеріне қарағанда, оқушыны екінші, үшінші тілге үйрету үшін сол тілдік ортада қай тілдің қуатты, қай тілдің әлсіз екенін айқындап алу қажет. Канаданың Сен-Ламберс провинциясында ағылшын тілін ана тілі ретінде терең меңгерген оқушылар үшін француз тілі ана тіліне қауіп төндірмеген. Ана тілі – француз тілін толық меңгермеген оқушылар үшін ағылшын тілі олардың ана тілін ығыстырушы қызметін атқарған. Сондықтан екі-үш тілді меңгеру үшін оқушыларды ана тілін меңгеруіне қарай таңдаудан өткізіп, арнаулы топтарда ғана енгізу жөн. Қазіргі үш тілділік саясат Н.Хрущев заманындағы топырағының ерекшелігі-не қарамай, аймақтарға жаппай жүгері егуді талап еткен сияқты. Ұлтаралық қайшылықтар байлық, билік, мансап-мәртебе төңірегінде де этностық топтар арасында туып жатады. Байлық, билік, мансап-мәртебе жеке адамдар ғана емес, әр этностық топ үшін де құндылық. Қазақстандық диаспоралардың бүгін мемлекеттік билікте, оның жоғары басқару органдарында орын алуға тырысатындары айқын. Қазақ-стан Парламентінде Қазақстан халқы ассамблеясы сайлаған тоғыз депутат этностардың сұраныстарын толық қанағаттандырмайтын сияқты. Тіпті ашу-ызаға толы, іштей наразылығын сыртқа шығара алмайтындар қаншама? Ресейдің ТМД институты «Қазақстандағы орыстар» атты жобаға сәйкес Қазақстанда социологиялық зерттеулер жүргізген. Білім саласының қызметкері, өзіндік өмірлік жоспары бар, кәсіби мансаптан да үмітті, Қазақстаннан көшу ойында жоқ, жасы отыздағы шымкенттік орыс әйел көңіл күйге ерік беріп «Сен өзіңді қазақстандықпын деп есептейсің бе?» деген сауалға былай деп жауап беріпті: «Нет , я не чувствую себя казахстанкой , несмотря на то, что здесь родилась и это моя родина, я не чувствую, что президент и его «программа 2030» что-то делает для людей обычных и простых. Я вижу постоянно, что у нас везде коррупция, пойти в налоговую, пойти в финполицию, финконтроль, везде надо дать на карман и везде казахские фамилии. Никакие мы не казахстанцы. Почему-то так получается, что все руководящие должности должны занимать или казахи или корейцы, а русские нет. Я вот в суд хожу, все судьи вышли из залов на перекур, все казахи. О чем еще здесь еще можно говорить? Какие казахстанцы? А русские где? Только прислуживают и моют полы.70 школ в городе и в 68 из них казахи директора. И ждут, когда эти двое на пенсию уйдут». Бұл жерде қазақ ұлтының жемқорлық дертіне шалдығуы да ұлтаралық қатынастарға жағымсыз әсер ететіні де көрініп тұр. – Еліміздегі халықты біріктіруші фактор қазақ тілі деп жиі қайталап жатамыз. Бұл қаншалықты ақиқат? Өйткені ана тіліміздің жағдайының өзі қазір күрделі емес пе? – Осы тұста латын әліпбиіне көшкенде қазақ тілінің ахуалы қалай болмақ деген мәселе қоғамда қызу талқылануда. Қазақстан Қазақстандағы жағдай өзгеше. 2009 жылғы халық санағы бойынша қазақтардың 98,3% ауызекі тілді түсінеді, 95,4% еркін оқиды, 93,2% еркін жазады деп көрсеткен. Өз басым осы деректерге сенбеймін. Бұл жерде этнопсихологиялық факторларды ескерген жөн. Кейбір санақшылар қазақтардың қазақ тілін білмесе де, білем деп көрсетуді талап еткенін айтады, неге олай? десе, «мені орыс деп жазасыңдар, ал мен орыс болғым келмейді» деген. Болмаса «қазақ тілін білмейтіндер көп» демесін деген ой айтқан. «Қазақ тілін білмесем де, оны білмейтінімді мойындауға ұялдым» дегендер бар. Сондықтан да қағазда барлығы да аман-сау, теп-тегіс. Тіл саясаты жемісін беріп жатыр деуге де жақсы. Сөз жоқ, тіл саясаты азды-көпті жетістіктерге қол жеткізді, бірақ әлі де өмірде қазақ тілін меңгермеген қазақтар аз емес, ол тілге сұраныс туғызылып отырған да жоқ. Оны міндеттейтін заң әлі жоқ, болмайтын да сияқты. Қазақтардың 92% ауызекі орыс тілін түсінеді, 83,5% еркін оқиды, 79,1% еркін жазады. Бүгін қазақ негізінен екі тілді ұлт болып отыр, ал мемлекетімізде орыс тілі басым. Өзбекстан, Әзірбайжанмен салыстырғанда, мемлекет құраушы қазақ ұлтының отарланған ұлт екені әлі көзге ұрып тұр: 1) бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тіл, мәдениет әлі басымдыққа ие бола алмауы; Елімізде қаптаған орыстілді кирилл әліпбиіндегі бұқаралық ақпарат құралдарын қазақтардың басым көпшілігі бүгін пайдаланады және пайдалана береді. Бұл айналып келгенде тіл, мәдениет жағынан бөлінген қазақтардың жігін онан әрі тереңдетеді. Ең үлкен мәселе – кирилл әліпбиі тұсындағы маңызды мәдени мұрамыздың тағдыры не болмақ? Ол мұраның қазақ халқының тарихында теңдесі жоқ, орны бөлек. Кирилл әліпбиі негізінде көне мәдени мұра, ауыз әдебиеті, көркем әдебиет, ғылыми еңбектер, оқулықтар жазылды. Араб графикасынан латын графикасына, латын графикасынан кирилл әліпбиіне көшкен тұста қоғамның басым көпшілігі сауатсыз еді. Сондықтан ол реформалар қоғамның біршама бөлігіне жә-не мәдени мұрамыздың да салыстырмалы қарағанда шағын бөлігіне қатысты болды. Бүгін енді халықтың түгелдей сол мәдени мұрадан айырылып қалу қаупі бар. Оны түсіну үшін Ұлттық кітапханадағы қазақ тіліндегі каталогтарға көз жіберейік. Жаһандану, американдану, орыстану үрдістері үлкен қарқынмен жүріп жатқан тұста, мәдени экспансия бүгін онсызда қазақ мәдениетіне қауіп төнгізіп тұрғанда, ұлттық тұғырымыз, тіліміз бен мәдениетімізден басқа тілге мәдениетке өту қатері бар. Бас-көзіне қарамай, бауырлас елдердің жағымды, жағымсыз сабақтарын сараламай, есептемей, латын әліпбиіне көшу асығыс. Тіпті 2025 жылдың өзі де ойландырса керек. Ең бастысы, қағаз емес, қазақ қазақ тілінде сөйлеп, оқып, жазып, ойлағанда ғана біз әліпби ауыстыруға кіріскеніміз жөн. Сонымен бірге оған қыруар қаржы да керек. Отаршылдықтың бір түрінен қашып, екінші отаршылдықтың құшағына енбесек болды. – Сізді қашанда қазақтың тұтаса алмай келе жатқаны қатты алаңдататыны белгілі. Яғни ұлттық деңгейде ойланатын, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық құндылықтар негізінде біріккен тұтастық жоқ дегенге келісесіз бе? (Тілімізде тұтастық – Биыл, ресми деректер бойынша, қазақтар елімізде 65%-ды құрады деп – Әңгімеңізге рақмет. Сұхбаттасқан |
http://www.aikyn.kz