Оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлер енді туындаған күрделі мәселелерімен бірыңғай call-center-ге 99-80-10 нөмірі бойынша хабарласа алады. Қоңыраудан кейін кәсіпкерге қажет болса шұғыл түрде прокуратура және ОҚО кәсіпкерлер палатасының қызметкерлерінен құрылған байланыс топ келеді.
Аталған call-center-дің бастамашылары ОҚО кәсіпкерлер палатасы мен облыстық прокуратура болып табылады. Бұл өзгеше жедел байланыс желісі кәсіпкерлердің мәселелерін тез арада шешілуне көмектеседі, яғни, басқа сөзбен айтқанда «Бизнес үшін жедел жәрдем» болып саналады. Сонымен қатар кәсіпкерлер шағымдары мен өтініштерін Whatsapp арқылы мына нөмірге жазып жіберуге болады: 8-702-323-10-10. Содан соң палата қызметкерлері тез арада хабарласып, мәселенің шешілуіне көмек көрсетеді.
«Кәсіпкерлер мемлекеттік органдардың тарапынан жүргізілетін заңсыз тексерулері, сонымен қатар, бизнесін жүргізуге кедергі келтіретін кез келген мәселелер бойынша хабарласа алады» — деді ОҚО кәсіпкерлер палатасының әкімшілік кедергілерді төмендету департаментінің басшысы Нахипбеков Тимур. – Онлайн тәртіп бойынша көрсетілетін қызметке жүгінсе де болады».
Жаңа жобаның жұмысы басталғалы бері шағымданған бірнеше кәсіпкерге шұғыл түрде көмек көрсетілді.
«Мәселен, бүгін хабарласқан кәсіпкердің мәселесі 15 минуттың ішінде шешілді. Нәтижесінде кәсіпкер 250 мың теңгеге жазылған айыппұлдан сақтанып қалды» — деп атап өтті Т. Нахипбеков. – Шымкент қаласында орналасқан сұлулық салонының иесі хабарласты. Айтуынша, салондағы құбырларды ауыстыру барысында жұмысшылар су өлшеуіш құралды абайсызда жұлып кетеді. Осыған орай «Су арнасы» мекемесінің бақылаушысы 250 мың теңгеге айыппұл жазып береді (бұл салонның бір айлық табысынан да көп). Біз тез арада салон иесін айыппұлдан сақтап қалдық. Нәтижесінде айыппұл қалалық су арнасы мекемесінің ескертуіне алмастырылды. Осы мәселе 15 минуттың ішінде шешілді.»
Кәсіпкерлер палатасы бизнес үшін жедел жәрдемді қажет ететін немесе күрделі мәселеге тап болған барлық кәсіпкерлерді 99-80-10 нөміріне хабарласуларын сұрайды немесе whatsapp — 8702-323-10-10. Кәсіпкерлер палатасы сізге тез арада жедел жәрдем көрсетеді!
http://kz.otyrar.kz/