АСТАНА. 25 наурыз. Baq.kz – Блогтар мен Twitter кәсіби журналистиканы алмастыра алмайды. Ресейлік танымал тележүргізуші Владимир Познер осылай дейді.
Белгілі тележүргізуші «Твиттер мен блогтар ақпараттың негізгі көзі бола ала ма?» деген сауалға пікірін өзініңресми сайтында білдірді.
Мен үнемі айтып жүрмін: Бола алмайды. Өйткені бұл – кәсіби журналистика емес. Бұл мүлде басқа дүние», — дейді Познер.
«Журналистика объективті, әділетті болуға тиіс. Екі тараптың да (немесе үш, төрт тараптың) пікірін көрсетуі керек. Ол әрбір адам өз пікірін ғана көрсетіп, басқа ешкімнің пікірін мойындамайтын блогтар мен твиттер сияқты емес, мүлде бөлек дүние», — деді ол.
«Бұл қалай айтсаң да журналистика емес, басқа бірдеңе. Мен қарсы емеспін, алайда оған елтімеңіздер: бұл журналистиканы ешқашан да алмастыра алмайды», — деп түйіндейді сөзін Познер.
Фото: lenta.ru
http://baq.kz/news/25223