АЛТЫНОРДА
Новости

«БОЛАШАҚ» ҮМІТТІ АҚТАЙДЫ

marataatazzhinn123Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен Шетелдерде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. 
Отырыста басымдық берілген мемлекеттік және салалық бағдарламалар үшін мемлекеттік қызметшілерді, ғылыми-педагогикалық, инженерлік және медициналық кадрларды нақтылы даярлаудың тетіктерін қамтамасыз ету жөніндегі мәселелер қаралды.

Жиынды ашқан Мемлекеттік хатшы Президенттің «Болашақ» бағдарламасы тәуелсіз Қазақстанға қажетті халықара­лық деңгейдегі мамандардың алғашқы буы­нын даярлаудағы өзінің маңызды міндетін орындағандығын мәлімдеді.

– Президенттік «Болашақ» бағдар­ла­масының 20 жылдығы тұсында қалыптас­қан, мемлекеттің алдына қойылған мін­деттерді екшей отырып, біз шетелдерде кадрлар даярлаудағы тәжірибені егжей-тегжейлі сараптап, топтастыруымыз қажет, – деді М.Тәжин. – Шетелдерден оралған стипендиаттардың бүгінгі күш-жігері олар­ға жұмсалған шығынның орнын толтырып, артылған үмітті толығымен ақтауы тиіс! Сон­дықтан да шетелдердің жетекші жо­ға­ры оқу орындарында білім алуға баратын әр­бір үміткердің оқуға деген әлеуеттері мен мүм­кіндіктерін тиянақты зерделеуіміз қажет. Марат Тәжин дарынды жастарды ірік­­теу объективті әрі қатаң түрде өтуге тиісті­гін нықтады. Мемлекеттік хатшы: «Бізге екпін­ді толқын керек!» деді.
Комиссия мүшелері Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың баяндамасын тыңдады. Министр өз сөзінде байқауға қатысудың қолжетімділігін ке­ңейту, өңірлік және әлеуметтік теңге­рім­сіздікті төмендету мақсатында конкурстық рәсімдер бүкіл жыл бойы жүргізілетінін атап өтті. Білім саласы басшысының пі­кірін­ше, аталған шара конкурсқа қатысу­­ды мейлін­ше жеңілдетіп, өткізу мерзімдері мен үміткер­лердің оқу кезеңін нақты жоспар­лауға мүмкіндік туғызады.
Үстіміздегі жылы шетелдерде білім алуға үміттілер арасында «Білім беру және тәрбие берудің теориясы мен әдістері», «Пе­дагогикалық диагностика, білім беруді бағалау және сапасын басқару», «Көлік, көліктік техника және технологиялары» сияқты мамандықтар елеулі сұранысқа ие болды.
2013 жылға жалпы саны 1093 стипендия бөлінді.

http://www.aikyn.kz