АЛТЫНОРДА
Новости

Бөрінің 9 қасиеті

  • Орайын күту – бөрі өзі әлсіз уақытта қандай да бір қауіп-қатер немесе басқа да қажеттіліктер болса да, өзінен күштілерге шабуыл жасамайды;
  • Бірлік – бөрі өзінен күшті дұшпанға қарсы тұруға мәжбүр болғанда, міндетті түрде топтанып шабуыл жасайды;
  • Өзін білу – бөрінің хайуанаттар патшасы болудан дәмесі де бар, бірақ, ол әр уақыт сайын өзінің арыстан емес екенін сезініп, қасқырлық қасиетін сәт сайын ойына түсіріп отырады;
  • Әліптің артын бағады – бөрі өте байсал қимыл жасауды, ойланып әрекет етуді қалап тұрады. Аз тер төгіп, көп олжа табуды көздейді;
  • Тең алға жылжып, тең шегіну – «Бөрі азығы жолда» дегендей, жалғыз жорту оның басты қасиеті болса да, олар шабуылға тең шығады жәнежаралы қасқырды арпалыс болған майданға қалдырмайды;
  • Өзін және өзгені түсіну – бөрі барлық дұшпанын құрметтейді. Әр реткі шабуылдан бұрын, өз нысанын жан-жақты түсінуге талпынады, әр жауын әлсіз ретінде қарамайды. Сондықтан, бөрі үнемі жеңіске жетіп отырады;
  • Жанашырлық – бөрінің еркегі аналық қаншық ішті болғаннан, бөлтірік бауырын көтеріп, аң қуғанды үйренгенге дейін сырттай күзетіп, бөлтірік пен енесін қорғап жүреді;
  • Дара өмір сүру – қаншық қасқыр бөлтірігі дара өмір сүруге бейімделе бастағанда, одан жырақтап кетеді. Сондықтан, олардың заңдылығына «Болсаң бөрі бол, болмасаң бордай тоз» деген тәмсіл келеді.
  • Еркіндік сүйгіш – бөрі емін-еркін, жалғыз жүріп аш өлуге пейілді болса да, дайын ас үшін басқа өзі тектес жыртқыштарға еркелеп, құйрық бұлғақтатуға жаны қас.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: pic.com

 

http://massaget.kz/alemtanu/shartarap/10812