Астана. 24 сәуір. Baq.kz Ирак пен Ауғанстандағы қырғынның кегін қайтардық. Бостондағы терактіге басты айыпталушы Джохар Царнаев өз қылығын осылай түсіндірді.
Бұл туралы бүгін «The Washington post» басылымы жариялады. Мақалада тәртіп сақшыларына берген түсініктемесінде күдікті АҚШ-тың Ирак пен Ауғаныстандағы әрекетінен соң осындай қадамға баруға келісім бергенін айтты, деп жазылған.
Арнайы қызмет ағайынды Царнаевтар эктремисттік веб-сайттардың ықпалымен радикалдық жолға түскен деген болжам жасады. Федералды тергеу бюросына Джохар Царнаев террорлық шабыуылдың басты ұйымдастырушысы ағасы Тамерлан Царнаев екенін айтқан.
Әрі ешбір террорлық топпен қатысы жоқ екенін, жымысқы әрекеттерін ағасы екеулеп жоспарланағанын хабарлаған. Тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетіп, жараланған күдікті Царнаевтардың кішісі қазір Бостон ауруханасында. Үлкені полициямен атыста оққа ұшты.
Жанболат СЕРІКБАЙ