АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Браконьерлерден 6 тоннаға жуық балық тәркіленді

ekm_3664Атырау мен оған жақын жатқан көрші облыстардың шекараларында 1 сәуірден бастап «Бекіре» операциясы жүріп жатыр. Бұл шара Каспий теңізі, Жайық пен Қиғаш өзендері және аймақтағы су қоймаларының бәрін қамтиды. Маусымдық науқанға жергілікті құқық қорғау орган өкілдері мен өзге облыстардың инспекторлары жұмылдырылған. Бірақ браконьерлер де айылын жияр емес. Алғашқы 10 тәулікте 1 келі уылдырық пен 300 келі бекіре және 6 тоннаға жуық өзге балық түрлері тәркіленді. Қазір заңсыз балық аулап істі болған азаматтар сот алдында жауап беріп жатыр. Гүлназира Мұхтарова, облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі: — Тек 10 күн ішінде 91 адам ұсталды. Бұл азаматтар заңсыз балық аулағандар мен тасымалдағандар. Оларға қатысты 16 қылмыстық іс көтерілді. Әкімшілік жауапкершілікке 76 азамат тартылып, оларға 731 мың теңгеден астам айыппұл салынды. «Бекіре» операциясы маймыр айының аяғына дейін жалғасады.

Источник: http://24.kz/kz/