АЛТЫНОРДА
Новости

Бүгін «Астана- Теміртау» бағытындағы жаңа жолдың құрылысы басталды

434_4570d2ab30929e7947ab1d96b9424de5Астана. 02 шілде. Baq.kz – Бүгін «Орталық — Оңтүстік» автомобиль жолдарын дамыту жоспарына сәйкес «Астана – Теміртау» бағытындағы заманауи талапқа сай жаңа автомобиль жолының құрылысы басталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 

«Қазақстан-2050» Стратегиясының міндеттерін іске асыру мәселесіне арналған кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Автокөлік инфрақұрылымын дамытудың ауқымды жобасына кірісу керек. Астанамен ірі орталықтар – Алматы, Ақтау және Өскеменнің арасын қосу үшін заманауи жол салу аса қажет» деген болатын.
Бүгін аталған тапсырманы жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметі «Астана- Теміртау» бағытындағы жаңа автомобиль жолының құрылысын бастады.


Басты мақсат, Астана қаласын елдің ірі орталықтарымен байланыстыру.
Жол құрылысының басталу рәсіміне ҚР премьер-министрі Серік Ахметов келіп қатысты.
«Қазақстан екі құрлықтың ортасында орналасқан. Көлік транзит потенциалы өте жоғары. Үкімет тарапынан бұл салаға өте зор көңіл бөліп отырмыз. Жыл сайын осы саланы қаржыландыру көлемі ұлғайып келеді. Ағымдағы жылдың соңына дейін 2000 шақырымнан астам жергілікті жолдар жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, «Астана – Қостанай- Челябинск» бағытындағы халықаралық жолын қайта жөндеу жұмыстары аяқталады. Батыс Қытай – Батыс Еуропа жобасының жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Биыл Елбасының тапсырмасы бойынша «Орталық — Оңтүстік», «Орталық — Шығыс», «Орталық — Батыс» бағыттарындағы жолдарды дамыту құрылыстары басталады. Ол Астананы еліміздің дамыған өңірлерімен байланыстырады. Осы жылдың құрылысы «Астана- Павлодар», «Астана – Қарағанды», «Алматы – Қапшағай» бағыттарында болады. Бұл өте ауқымды құрылыс. Ал, бүгінгі ашылған құрылысы «Астана – Қарағанды – Алматы» бағытындағы жол. Бұл көлік қозғалысы ең көп жолдардың бірі. Бұл жол бүгінгі заманға сай жаңа технологиялармен салынатын болады. Бетонмен жабылып, 4 жолақты айналады. Менің ойымша, бұл ең озық инновациялық технологиямен салынатын жоба болады деп ойлаймын. Ал, ең басытысы бұл жолдар сапалы, әрі қауіпсіз болады» деді журналистерге берген сұқбатында.
Жаңадан іске қосылған жол құрылысы 2016 жылы аяқталады деп жоспарланған.

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС
Суретті түсірген Азат ЕСЕМБЕКОВ

 

http://www.baq.kz/kk/news/31559