26 қараша күні таңғы сағат 09:00-де Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Астанателеком» қалалық коммуникациялар орталығымен бірлесіп құлақтандыру жүйесін тексереді.
Шара барысында С-40 электр дабылдары іске қосылып, телерадио арналарды ұстап қалу жүзеге асырылады. Құлақтандыру жүйесін тексеру жоспарлы түрде өткізіледі және ай сайын жүргізілмек.
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын сабырлылық сақтауға, әбігерге түспеуге шақырады, деп хабарланған елорда әкімдігінің сайтында.
http://www.inform.kz/