Қазақтың дәстүрінде қыстан аман шығып, айналадағы елдің саулығын білуге арналған бұл мереке еліміздің Батыс өңірінде сақталған.
Салт бойынша бұл күні ел ақсақалдары көрші қыстаулардағы ағайынның қыстан қалай шыққанын біліп, жағдайын сұрап баратын. Қыстың қатал аязы мен ұйытқыған боранында қуанышы мен қайғысына ортақтаса алмаған алыс ауылдағы ағайын осы күні көріседі. Қуанышына «құтты болсын» айтады, қайғысына ортақ екенін жеткізеді.
Міне, бұл күн осылайша бауырмалдық пен берекенің күні ретінде аталып өтіледі. Аталған күннің 14 наурыз күні аталып өтілуінде де ерекше мән бар. Себебі, 14 наурыз ескіше күнтізбе бойынша 1 наурызға яғни көктемнің алғашқы күніне сәйкес келеді. Дәл осы уақыттан бастап ұлан-ғайыр далаға көктемнің белгісі еніп, қар жібиді, сең бұзылады.
Дуанабай Жолдасбек
http://www.aikyn.kz/news/view/44704