АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

БҮГІН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨЗ ЖАНАРЫНЫҢ КҮНІ

den-zreniyaДүниежүзілік көз жанарының күні — әлемде көру қабілетінің нашарлауын алдын-алу, көз ауруларынан көзді қорғау мақсатында аталып өтеді. Атаулы күні көз дәрігері халықты жасына, өмір сүру салтына қарамастан дәрігерге қаралып тұруына шақырады. Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында көру қабілеті бойынша 108 мыңнан астам адам мүгедектік есепке алынған. Соның ішінде — 11 мыңнан астамы зағип жандар, 2 мыңнан астамы көзі мүлдем көрмейтіндер, 1 мыңнан астамы балалар болса, 8 мыңнан астамы көзі нашар көретіндер. Негізгі себеп: қабыну аурулары, алыстан көрмеушілік, катаракта, глаукома, жас шамасы макулярлы дегенерация аурулары болып табылады. Бүгінгі таңда офтальмологиялық ауру түрлеріне жаңа туылған сәбилер де шалдығуда, басым көпшілігі шала туылған нәрестелер. Жыл сайын облыс бойынша 400 мыңнан астам жас бала офтальмолог дәрігер көмегіне жүгінеді.Соның ішінде 900- ден астамы стационаралмастырушы көмек алады. Жылда 450 мың бала профилактикалық тексеруден өтеді. Нәтижесінде 40 мың баладан көз сырқатының алғашқы белгілері анықталады. Облысымызда 118 көз дәрігері жұмыс істейді. Офтальмологиялық қызметтің орталығы — облыстық офтальмологиялық ауруханасы болып табылады. Одан бөлек облыстық балалар ауруханасында — 30 төсектік балалар бөлімшесі, Түркістан қалалық ауруханасында — 20 төсектік бөлімше, Сарыағаш аудандық ауруханасында — 5 офтальмологиялық төсектік бөлімше бар. Ал, қалалық және аудандық емханаларда 96 дәрігер-офтальмолог жұмыс істейді. Облыстық офтальмологиялық ауруханасында бір жылда кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында 2600 — 2800 адам стационарлық, 500 адам стационаралмастырушы көмек алады. Сонымен қатар, бір жылда орта есеппен — 20 мың облыс тұрғындарына мамандандырылған, емханалық көмек көрсетеді. Офтальмологиялық ауруханадағы мамандандырылған қан тамырлары патологиясы кабинеті республика бойынша тек біздің облыста ғана бар. Мұнда соңғы 5 жылда жаңа 9 операция түрі игерілді. Қазір облыста глаукома кеселі бойынша 6150 адам диспансерлік есепте тұр. Айта кетейік, бүгін Облыстық офтальмологиялық ауруханасында ашық есік күндері болды. Ауруханада таңғы сағат 11-00 ге дейін, 19 жастан асқан 71 науқас көз дәрігерінің қаралуынан өтті.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі