Астана. 18 ақпан. Baq.kz – Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін Түркияда Молдовамен кездеседі. Бұл матчты «Хабар» арнасы көрсетеді.
Ойын Анталия қаласындағы «Мардан» стадионында Астана уақыты бойынша 22:00-де басталады. Аталған кездесуге жарақаттарына байланысты өкінішке қарай Александр Мокин, Таңат Нөсербаев, Станислав Лунин және Виктор Дмитренко қатыса алмайды.
Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиыны 11 ақпанда басталған болатын.
Бұл кездесуге қатысатын футболшылар:
қақпашылар – Александр Петухов («Тобыл»), Ненад Эрич («Астана»), Александр Петухов («Тобыл»), Андрей Сидельников («Ордабасы»).
қорғаушылар – Абзал Бейсебеков («Астана»), Ермек Қуантаев («Қайрат»), Ғафуржан Сүйімбаев («Ордабасы»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Дмитрий Шомко («Астана»), Пиралы Алиев («Ертіс»), Илья Воротников («Тараз»), Марк Гурман («Қайрат»), Ренат Абдулин («Ордабасы»), Сергей Малый («Ордабасы»);
жартылай қорғаушылар – Бауыржан Исламхан («Қайрат»), Самат Смақов («Ертіс»), Аслан Дарабаев («Қайрат»), Бауыржан Байтана («Қайрат»), Ұлан Қонысбаев («Астана»), Жақып Қожамберді («Тараз»), Азат Нұрғалиев («Ордабасы»), Марат Шахметов («Ертіс»), Анатолий Богданов («Тобыл»);
шабуылшылар – Дәуренбек Тәжімбетов («Ордабасы»), Алексей Щеткин («Астана»).
http://baq.kz/kk/news/60980