АЛТЫНОРДА
Новости

Бұлт арасында кофе ішкіңіз келсе…

Хоккайдо аралында,  жапондық Томами демалыс базасында орналасқан Ункай террассасы саяхаттап келушілерді үлпек бұлттардың құшағына бөлеп,  таулардан биікке бір самғатып, аспани әлемнің тап-тамаша кескін-келбетін сыйға тартады.

Аталған құбылыстың мән-жайын түсіндіре отырсақ, жергілікті жердің ыстық бұлақ, қайнар көздері мен таң алдында температураның ауытқуынан тау түкпірінде төменгі биіктікте су булары түзіледі.

 

Адамдар ерте кезден бұл туралы білген, алайда, бастап барар жолдың болмағандығынан, сол бір кереметтен бас тартқан. Ал енді міне, арқан жол жүргізілген, бар-жоғы 20 доллармен көтеріліп, ғаламат қуаныш пен керемет әсермен үстел үстінде кофе ішуге мүмкіндік бар.

Бір айта кетерлігі, аталған құбылыстың тұрақсыздығы. Мұнда келіп жататындардың көбісі сол бір кереметке куә болу үшін біршама уақытқа тұрақтап қалуға мәжбүр. Себебі, үлпек бұлттардың түзілуі қайталанбас құбылыс.

Ункай террассасы жаз маусымының соңына дейін ашық. Дәл осы уақытта «бұл толқындары» түзілуінің 40 пайыз мүмкіндігі күтіледі.

Сурет:www.intenews.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

 

http://massaget.kz/