Луйтла-Дуймун — Шотландия мен Исландия арасында орналасқан он сегіз шақты Фарер аралдарының ішіндегі ең кішкентайы саналады.Аралдың аумағы — 0,8 шаршы шақырым болса, Раван аталатын ең биік нүктесі 414 метрді құрайды. Арал адам өмір сүруге арналмаған. Бұлт қоршап тұратын мекенге аяқ басуға кез келгеннің жүрегінің дауалай бермейтіні тағы бар.
Адамдар Луйтла-Дуймунда ешқашан тұрақтаған емес. Ол жердің негізгі тұрғындары — арқарлар мен таутекелер.
Арал өсімдікке өте кедей. Мұнда шамамен сегіз түрлі өсімдік қана бар.
1850 жылға дейін мемлекет меншігінде болып келген арал 5000 дат талеріне сатылып кетеді.
2006 жылдың жазында Исландиядан 11 жұп, Норвегиядан 8 жұп, Гренландиядан 3 жұп, Фарер аралдарынан 6 жұп жиналып, «Үнсіз аралдар» жобасы бойынша, үш күн бойы Луйтла-Дуймунды мекен етеді. Олардың қолында ұялы телефон да, фотоаппарат, сағат, теледидар да болмады. Бірақ, әрбірінің қолына дәптер мен қағаз ұстатылған. Тапсырма бойынша, ғашықтар аралдан алған әсерлерін түсіріп отыру керек. Осы жазбалардың негізінде театр қойылымын жазу жоспарланып отыр.
Суреттер:byaki.net
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева