[:kz]
Демалыс үйіне әйелімен барғандарды «самаурынымен келіпті» дейтін бір сөз бар екен. Бір жігіт демалысқа кететін болып жолдас-жорасының басын қосады. Қызыңқырап қалған қонақтың бірі:
– Самаурыныңмен барасың ба, жалғыз барасың ба? – деп қайта-қайта сұрап қоймапты. Сонда белгілі айтыс ақыны Қонысбай Әбіл:
– Сонау жаққа самаурынын сүйреп жүре ме, сол жақтан да бір тоқ шәйнек табылар, – деген екен.
***
Бір кісі кәмпит жеп отырған қыз балаға келіп былай дейді:
– Қызым, сен кәмпит жеудің зиян екенін білемісің? Жуандайсың, тісің сарғайып кетеді.
– Ал менің атам 106 жасқа дейін өмір сүрді.
– Немене, ол күн сайын кәмпит жеп пе еді?
– Жоқ, ол өзгенің ісіне беталды араласпайтын.
***
Жаңадан үйленген жас жігіт досына мұңын шағып отыр:
– Үйлендім, ал енді не істеймін?
– Ей, не болды сонша?
– Тұратын жайым жоқ.
– Онда қайынатаңның үйіне барып тұр.
– Болмайды.
– Неге?
– Өйткені, қайынатамның өзі қайынатасының үйінде тұрып жатыр.
***
Әйелі:
– Саған күйеуге шығып жүрген мен тіпті ақымақ екенмін ғой.
Күйеуі:
– Соны айтсаңшы, мен де соны енді біліп жүрмін.
***
Бір жігіт бойжеткен қызбен саябақта әңгімелесіп отыр. Қыз қылымсып, еркелеп жігітке тығыла түсіп:
– Мен тоңа бастадым, – дейді.
Жігіт тез костюмін шешіп, қыздың иығына жабады. Қыз одан сайын жігітке жақындай түсіп:
– Мен анамның осындайда ыстық құшағына қысып, шашымнан сипап, аймалап сүйетінін аңсап отырмын, – дейді.
Жігіт:
– Онда мен тез барып анаңды шақырып келейін!
http://www.zhasalash.kz/
[:]