Израилдың бұрынғы премьер-министрі Эхуд Ольмерт пара алғаны үшін 6 жылға сотталды, деп хабарлады американдық CNNтелеканалы.
«Израилдың бұрынғы премьер-министрі Эхуд ОльмертИерусалим мэрі болып тұрған кезде пара алғаны үшін сейсенбі күні 6 жылға сотталды. Одан басқа Ольмертке 1 млн шекельге ($289мың шамалас)айыппұл салынды», — делінген телеарнаның сайтында сейсенбі күні жарияланған хабарда.
Бұл ретте Э. Ольмерт $161мөлшеріндегі параны Иерусалимде Holylandкешен құрылысын салушыға көмек көрсеткені үшін алғаны айтылады.
Хабарда айтылғандай, құрылыс салушы Хилел Черныйбұрын да басқа шенеуніктерге құрылысқа рұқсат алу үшін пара берген деп айыпталады.
2012 жылы тамызда Э. Ольмерт сенімнен айрылды және жемқор деп айыпталған. Үш жылға созылған сот оған 3 айға түрмеге қамау және $19мың айып салу жазасын қабылдады.
Э. Ольмерт 1993 — 2003 жылдар аралығында Иерусали мэрі, ал 2006-2009 жылдары Израил премьер-министрі болды.
Дуанабай Жолдасбек
http://www.aikyn.kz/articles/view/48974