АЛТЫНОРДА
Новости

БҰҰ: Гуманитарлық көмекке 16,4 миллиард доллар қажет

БҰҰ-ның мәлімдеуінше, әлемдегі көмекке аса мұқтаж 52 миллион адамға гуманитарлық көмек көрсету үшін келесі жылы 16,4 миллиард АҚШ доллары қажет. БҰҰ соңғы рет 13 миллиард АҚШ долларын сұраған.

БҰҰ-ның гуманитарлық көмек қызметін үйлестіруші Валерий Амостың айтуынша, өмір сүру деңгейі өте төмен адамдардың 80 пайызы соғыс болып жатқан аймақтарда тұрады. Женевада сөйлеген Амос «БҰҰ-ға көп қаржы қажет» деді.

БҰҰ Сирияның өз ішіндегі көмекке мұқтаж халыққа 2,8 миллиард және шетелдерге босып кеткен 3,25 миллион сириялыққа деп 4,4 миллиард АҚШ долларын сұрайды. БҰҰ өткен жылы негізінен Сирия мен Суданға көмектескен. Биыл бұл екі елге қоса Украинадағы қақтығыстан, радикалдық «Ислам мемлекеті» ұйымымен соғыстан және Батыс Африкадағы қауіпті Эбола вирусынан зардап шеккендерге көмек қосылған.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26732653