Астана. 11 қаңтар. Baq.kz — Бүгін түнде белгісіз біреулер Charlie Hebdo журналында жарияланған карикатураларды қайта басып шығарған Hamburger Morgenpost газетінің ғимаратына өрт қойған. Тілсіз жаудан ешкім зардап шеккен жоқ. Полиция қылмыс себептерін анықтауда, деп жазады «Неміс толқыны» ақпараттық агенттігі.
11 қаңтарда түнде қаскүнемдер ғимаратқа бірнеше рет тас лақтырып, артынша тұтанғыш қоспа салынған шиша лақтырған. Түнде ғимаратта ешкім болмағандықтан оқиғадан ешкім зардап шекпеген.
Тілсіз жау жайында ақпарат түнгі 2:20-да түскен.
Ғимараттың газет мұрағаты орналасқан бөлігі жанып кеткен. Өрт дереу ауыздықталды. Жартылай өртенген газеттер мен құжаттар сыртқа шығарылды.
Гамбург полициясы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен екі адамды ұстады. Қазір қылмыс себептері анықталуда.
http://baq.kz/kk/news/59067