Coca-Cola сусынының дайындалу құпиясының құны – 15 миллион долларға бағаланыпты. АҚШ-тың Джорджия штатының тұрғыныКлиф Клудж Coca-Cola газды сусынының ежелгі құпиясын сатқысы келеді деп хабарлайды Daily Mail.
Клудждың сөзіне сенсек, бұл сусынның жасаушы химигі Джон Пембертонның құжаттар жәшігін тауып алған. Ол ХІХ ғасырда дайындалған сусынның құпиясы толық жазылған құжаттардың бүгінгі таңда біз ішіп жүрген сусынға қатысы бар деп тұжырымдайды.
Клудж бұл «жәшікті» Ebay халықаралық аукционына қойған. Оның бастапқы бағасы – 5 миллион доллар болған екен. Ал егер кімде кім ешқандай аукционсыз сатып алғысы келсе ол үшін 15 миллион АҚШ долларын төлеуі қажет екен. Сол рецептінің суреті Ebay парақшасына салынған. Құпияның ашылмауы үшін құнды жәшік иесі сусынға қосылатын материалдар мен оның қаншалықты қосылуы керек екенін мәлімдейтін компоненттері жасырылған екен.
Соса-Соla Co. компаниясының өкілеттілігі болса өз кезегінде құжаттың құнды боулы мүмкін екендігін мәлімдеген, бірақ қазіргі Соса-Соla сусыны ондай рецепт арқылы жасалмайтынын кесіп айтқан. Coca-Cola сусынын американдық фармацевт Джон Пембертон 1886 жылы ойлап тапқан. Содан бері оның дайындалу мәзірі құпия күйінде келеді. Қазірге дейін оның дайындалу құжаттары құпия түрінде Джорджия штатының Атланта қаласында арнаулы сейфте сақталып, күзетке қойылған. |
Ал 2011 жылы АҚШ-тың бір радиобағдарламасы аңызға айналған сусынның құпиясын ашпақ болып қолжазбаның суретін жариялаған болатын. Бұл жағдайда компания өкілдігі бұл жағдайға ешқандай да пікір айтпайтындығын айтыпты. Естеріңізге сала кетсек, компания бұл сусынның дайындалу рецептісін бірнеше рет өзгерткен еді, және түпнұсқа мен қазіргі сусынның айырмашылығы бар делініп келеді.
Сол кезден бастап оның құрамына коки жапырағының орнына 1903 жылы кокаинсыз жапырақ қосылатын болған. 2012 жылы Coca-Cola Co. сусынның ісік ауруына шалдықтырар күші бар делінгендіктен ресми түрде рецептісін өзгерткен еді.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: stockinfocus.ru